«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Академиялық жұмыс департаменті
Академиялық адалдық кодексі
Редакция: 3
26
беттің 2 беті
5.
Академиялық адалдықты бұзудың түрлері мен деңгейлері
Плагиат
- бұл басқа адамның жұмысының нәтижелерін қасақана немесе
абайсызда иемдену, басқа адам толығымен немесе ішінара орындаған
тапсырманы білім алушының жеке жұмысы ретінде ұсынылуы қамтиды . Плагиат
сонымен қатар дереккөздерді тиісті түрде көрсетпей ақ басқа адамның жұмысын,
идеясын, мәлімдемесін немесе пікікірін ұсыну да қамтиды.
Плагиат орын алады, егер білім алушы:
1)
тиісті дәйексөзсіз басқа адамның жазбаша жұмысынан бір немесе бірнеше
сөйлемдерді тікелей көшірсе. Бұл ереже материалды интернеттен немесе басқа
электрондық көздерден көшіруге де қатысты;
2)
бастапқы дереккөзге сілтеме жасамай, сөздерді өзгертсе, бірақ сөйлемнің
құрылымын көшірсе немесе дереккөзге сілтеме жасамай бір немесе бірнеше
абзацтарды жақын мағынамен жазса немесе графиктерді, суреттерді,
сызбаларды, схемаларды немесе басқа бейне/аудио материалдарды дереккөзді
көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз пайдаланса;
3)
кез-келген оқу тапсырмасында жалған немесе өзгертілген ақпаратты ұсынса,
оған эксперимент үшін мәліметтерді ойлап табу, деректерді өзгерту, жоқ
мақалаларға сілтемелер, ойдан шығарылған көздер және т. б. кіруі мүмкін;
4)
басқа білім алушының толық немесе ішінара орындаған жұмысын тапсырса
және оны өз жұмысы үшін берсе;
5)
жұмысты жазу үшін жұмыстарды жазу бойынша арнайы сервистік қызметтерді,
басқа білім алушылардың қызметтерін пайдаланса немесе шет тілінен
аударманы пайдаланса және материалды өзінің өзіндік жұмысы ретінде берсе.
Достарыңызбен бөлісу: