Академиялық жұмыс департаменты


№6 Қағида.  Лиганың әр мүшесі өзінің оқуын аяқтауға жақсы мүмкіндік береді.  №7 Қағида



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата21.09.2023
өлшемі0,98 Mb.
#109371
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
akademiyaly-ak 1673410913.9545343

№6 Қағида. 
Лиганың әр мүшесі өзінің оқуын аяқтауға жақсы мүмкіндік береді. 
№7 Қағида
. Лиганың әр мүшесі өзінің дипломымен расталған кадрларды даярлау 
сапасына жауап береді. 
№8 Қағида. 
Лиганың әрбір мүшесі оқытушының ментор ретіндегі жоғары 
жауапкершілігін, академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарын, өзара 
құрмет пен әділдікті қамтамасыз етеді. 
№9 Қағида. 
Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және 
қорғау білім беру ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің 
өзара күш-жігерінің нәтижесі екенін мойындайды. 
№10 Қағида. 
Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, соның 
ішінде Лига қызметінің негізгі қағидаттарын адал орындауға міндеттенеді. 
4.
 
Адал академиялық тәжірибе 
Оқытушылар құрамы мен әкімшілік білім алушыларға тиісті академиялық 
дәрежені табысты алуға жағдай жасау мен көмек көрсетуді қамтамасыз етуге 
жауапты болады. Оқытушылар құрамы мен әкімшілік елеулі тәртіптік жаза 
қолдануды көздейтін Академиялық адалдық қағидаттары бұзылған жағдайларда 
қарауға тартылады. 
Кінәні анықтаған кезде, студенттер тыңдау процедурасы арқылы елеулі тәртіптік 
жазаларға шағымдана алады. 


«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ 
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА» 
Академиялық жұмыс департаменті 
Академиялық адалдық кодексі 
Редакция: 3
26 
беттің 2 беті
5.
 
Академиялық адалдықты бұзудың түрлері мен деңгейлері 
Плагиат 
- бұл басқа адамның жұмысының нәтижелерін қасақана немесе 
абайсызда иемдену, басқа адам толығымен немесе ішінара орындаған 
тапсырманы білім алушының жеке жұмысы ретінде ұсынылуы қамтиды . Плагиат 
сонымен қатар дереккөздерді тиісті түрде көрсетпей ақ басқа адамның жұмысын, 
идеясын, мәлімдемесін немесе пікікірін ұсыну да қамтиды. 
Плагиат орын алады, егер білім алушы: 
1)
тиісті дәйексөзсіз басқа адамның жазбаша жұмысынан бір немесе бірнеше 
сөйлемдерді тікелей көшірсе. Бұл ереже материалды интернеттен немесе басқа 
электрондық көздерден көшіруге де қатысты; 
2)
бастапқы дереккөзге сілтеме жасамай, сөздерді өзгертсе, бірақ сөйлемнің 
құрылымын көшірсе немесе дереккөзге сілтеме жасамай бір немесе бірнеше 
абзацтарды жақын мағынамен жазса немесе графиктерді, суреттерді, 
сызбаларды, схемаларды немесе басқа бейне/аудио материалдарды дереккөзді 
көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз пайдаланса; 
3)
кез-келген оқу тапсырмасында жалған немесе өзгертілген ақпаратты ұсынса, 
оған эксперимент үшін мәліметтерді ойлап табу, деректерді өзгерту, жоқ 
мақалаларға сілтемелер, ойдан шығарылған көздер және т. б. кіруі мүмкін; 
4)
басқа білім алушының толық немесе ішінара орындаған жұмысын тапсырса 
және оны өз жұмысы үшін берсе; 
5)
жұмысты жазу үшін жұмыстарды жазу бойынша арнайы сервистік қызметтерді, 
басқа білім алушылардың қызметтерін пайдаланса немесе шет тілінен 
аударманы пайдаланса және материалды өзінің өзіндік жұмысы ретінде берсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет