27
шешім қабылдауға, бағаны өзгеріссіз қалдыруға құқығы бар. Емтиханға қойылған баға
төмендетілмейді.
1.15.27.
Апелляциялық комиссия білім алушыға апелляцияны қарау нәтижелері
бойынша комиссия қабылдаған шешімді міндетті түрде түсіндіруі керек.
1.15.28.
Қорытынды емтихан нәтижелері бойынша аппелляцияның қорытындысы
хаттамада тіркеледі. Апелляция қорытындысы апелляциялық комиссияның шешімін
факультет деканы мақұлдағаннан кейін «УНИВЕР» жүйесіне электрондық ведомостқа
енгізіледі.
1.15.29.
«AU», «F» бағаларын пәнді қайталап өту арқылы өзгертуге болады, бірақ
олардың барлығы өзгертілген бағалармен бірге транскриптте жазылады және GPA алынған
соңғы бағаға сәйкес есептеледі.
1.15.30.
«FX» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда
(25-
49), білім алушы қорытынды бақылауды ақылы негізде емтихан сессиясынан кейін
арнайы бөлінген мерзімде пән / модуль бағдарламасын қайталамай-ақ тапсыруға мүмкіндігі
бар.
1.15.31.
«FХ» қайта тапсыру кезінде «F» бағасын алған жағдайда білім алушы ақылы
негізде қайта жазылады, осы оқу пәніне/модуль, оқу сабақтарының барлық түрлеріне
қатысады, оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындайды және
қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
1.15.32.
Егер білім алушы белгіленген мерзімде FX бағасын қайта тапсыру үшін
келмеген болса, бұл баға F бағасына ауыстырылып («қанағаттанарлықсыз»), одан кейін
академиялық қарыз болып саналады, оны жою үшін білім алушы келесі семестрде ақылы
негізде қайтадан оқу сабақтарына қатысып, пән бойынша оқу жұмысының барлық түрлерін
бағдарламаға сәйкес орындап, қорытынды емтихан тапсырады.
1.15.33.
Емтиханның «FХ» бағасын қайта тапсыру мүмкіндігі бір рет қана беріледі.
1.15.34.
Емтихан нәтижелерінің апелляциясы және «FX» бағасын қайта тапсыруға
(қажет болған жағдайда), «I» бағасын стандартты түрге ауыстыруға емтихан тапсыру білім
алушылар үшін жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Егер білім
алушы Университеттен белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін шығып қалса, бағалау «I»
бағалауы транскрипте өзгеріссіз қалады.
1.15.35.
Қорытынды бақылау Ережелерінің талаптарын (рұқсатсыз көмекші
құрылғыларды, ұялы телефондарды пайдалану, себепсіз кешігіп қалу және т.б.) бұзған білім
алушы үшін
Достарыңызбен бөлісу: