Академиялық саясат



Pdf көрінісі
бет29/34
Дата22.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51706
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
1.25. 
 
МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ 
  
1.25.1. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар 
төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына 
сәйкес жүзеге асырылады.
1.25.2. 
Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, 
сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған бакалаврларға, 
магистранттарға, PhD докторанттарына емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау 
нәтижелері бойынша білім алушылардың «жақсы», «өте жақсы» бағаларына сәйкес баға 
алғанда төленеді. 
1.25.3. 
Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы 
бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық 
айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан 
кейін бірінші академиялық кезеңнің аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге 
асырылады. 
1.25.4. 
Басқа жоғары оқу орындарынан ауыстырылған мемлекеттік білім беру 
тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау білім беру 
бағдарламаларының оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылық толық 
жойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
1.25.5. 
Ақылы негізде оқудан мемлекеттік негізде білім беру тапсырысы бойынша 
оқуға босаған мемлекеттік гранттар шеңберінде ауыстырылған білім алушыларға 
мемлекеттік стипендияны тағайындау университет Басқарма төрағасы – ректорының грант 
бойынша оқуға ауыстырылу туралы бұйрығы шыққаннан кейін жүзеге асырылады.
1.25.6. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылардың шығармашылық 
белсенділігін көтермелеу мақсатында түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен, 
ұлттық компаниялармен біріге отырып, университет білім алушыларына стипендия 
тағайындайды. 
1.26. 
ОҚУ ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ ТӨЛЕМ АҚЫСЫ 
1.26.1. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу төлемі білім беру үдерісін 
қамтамасыз ететін нақты шығындар негізінде қалыптастырылады. 


42 
1.26.2. 
Оқу ақысын төлеу тәртібі білім алушы, білім беру қызметіне тапсырыс беруші 
және университет арасында жасалатын ақылы білім беру қызметін көрсету шартына сәйкес 
реттеледі. 
1.26.3. 
Білім беру қызметіне тапсырыс берушілер келісім-шарттарына сәйкес төлем 
мерзімін қатаң сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда Университет білім алушыға 
білім беру қызметін тоқтатып, білім беру бағдарламасынан шығаруға дейін құқылы.
1.26.4. 
Бір академиялық кредиттің бағасы келісім-шартқа сәйкес белгіленеді және 
білім беру бағдарламасын игерудің бар кезеңінде өзгеріссіз қалады. 
1.26.5. 
ҚазҰУ жатақханасында тұру үшін төлем бойынша қарызы бар білім алушы 
факультет деканының өкімімен емтихан сессиясын тапсыруға жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет