Проблемалық оқыту технологиясы Орындаған: Жантөреқызы А., Әлмерден Ұ.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - болашақ мамандарды шығармашылыққа дайындау. Шығармашылық дегеніміз - жаңа білімді меңгеру, жаңа проблеманы шешуге іздену. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: оқыту мәселелерін жаңа әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған проблемалық оқытудың мәні: оқытушы жаңа білімді дайын түрде баяндамай, білім алушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Проблема деген не?
Проблема дегеніміз - бұрыннан белгілі және белгісіз фактілерді анықтауда, нақтылауда, айқындауда қойылатын теориялық және практикалық сұрақтар. Проблемалық сабақтардарда қарастырылатын тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар келтіріледі. Бұл жердегі басты мәселе - білім алушыны келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік ойын жеткізе білуге дағдыландыру, сөйтіп білім алушылардың өзіндік пікір қалыптастыруларына мүмкіндік беру.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары (талдау, жинақтау. қорытындылау және тағы басқа) мен білім алушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқыту жүйесі. Сондықтан проблемалық сабақ білім алушылардың ойлауын дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский де өз үлестерін қосты. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, “жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.
Проблемалық оқытудың мақсаты
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, яғни ,білім алушылардың таным дербестігін қалыптастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытудың басты белгілері:
1.Білімді проблема негізінде баяндау
1.Оқытушы сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді, проблеманы қоя отырып түсіндіреді. Білім алушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі.
2. Оқытушы білім алушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға білім алушылардың назарын аударады, сабақ барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.
3. Оқытудың зерттеу әдісі
3. Білім алушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін білім алушыларға ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесі дайын болуы қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны білім алушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ білім алушыны ойландыратындай болуы тиіс. Білім алушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңде білім алушы іштей өз білімін талдап, таңдап, белсенділікпен ізденеді. Сөйтіп, білім алушы өзінің ойын дәлелді түрде жеткізуге талпынады. Мұндай проблемалық әдіс білім алушыларды проблемалық сұрақтарға жауап іздеуге ынталандырады, зерттеу жұмысына баулиды. Сондықтан да проблемалық әдіс диалогқа және зерттеу процесіне ұқсас болады.
проблемалық оқыту
зейіннің дамуына мүмкіндік жасайды
шығармашылық белсенділігі артады;
танымдық іскерлікті дамытады
байқампаздықты дамытады
өзіне баға беру әрекеті дамиды
білім алушыны өз бетінше ойлауға мәжбүр етеді
ізденушілік қабілеті дамиды;
білімді игеру қарқынын тездетеді
сөздік қоры толықтырылады
2. Оқытушы тарапынан тапсырмалар –берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар. Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда бар
2. Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар
3. Білім алушы – нысан. Ол –орындаушы. Оқытушы жетекшілігі, басшылығы үстем болады
3. Білім алушы – субъект. Ол-дербес ізденуші. Ешнәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талаптанады. Оқытушы-ақылшы, кеңесші, бағыт беруші
4. Білім алушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар
«Материалды проблемалы баяндау кезінде проблемалы ситуациялар ойдан шығарылмай, талданатын мәселедегі проблемалы қайшылықтардан шығуы қажет. Оқытушының міндеті – сол қайшылықтарды білім алушылардың көре, түсіне білуіне, белгілі бір тиімді шешімге келуіне жәрдемдесу». Ғ.Қалиев. «Проблемалы лекциялар» атты мақаласы.