Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер



бет17/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.
Дивидендтерді төлеу дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде осы Заңның 23-бабы 3-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында тізіп келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуға ниетті, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болатын осы тұлға бұл туралы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын қоғамға хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада қоғамның сатып алынатын дауыс беретін акцияларының саны және олардың болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе оның үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған осы тұлға қоғамға сатып алған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сатуға ұсыныс жіберуге міндетті.
Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған тұлға туралы және оның үлестес тұлғалары және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
3. Қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды сату туралы ұсынысты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Қалған акционерлер осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысын акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен кейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдауға құқылы.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысын қабылдаған акционер қоғамның өзіне тиесілі акцияларын осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруды қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға акционердің қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісімін алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы акцияларды төлеуге міндетті.
5. Қоғам акционерлердің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға қоғамның акцияларын сатуына кедергі келтіруге құқылы емес. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға акцияларды қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға ұсынған бағадан асатын баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға қоғамның құқығы бар. Қоғамның акцияларын сатып алу туралы қоғамның ұсынысында акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың деректемелері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
6. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға осы бапта белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда, аталған тұлға (тұлғалар):
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
7. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген қоғамның акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет