5-тарау. Қоғамды басқару 33-бап. Қоғамның органдары 1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және (немесе) қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Бұрын мемлекеттік қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды. 4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)