30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау 1. Қоғам өзінің жарғысында айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана мұндай шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ. 2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi. 3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi. 4. Қоғамның бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мынадай құжаттардың бірінің: 1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі; 2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шараларды қолдану туралы уәкілетті органның шешімі; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) егер қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен оңалту рәсімі қолданылса, оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады. 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Бағалы қағаздар және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелер банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану рәсімі шеңберінде немесе қоғамды оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайларда, егер қоғамға қатысты оңалту рәсімі қолданылса, басымдықпен сатып алу құқығы банктің (қоғамның) акционерлеріне олардың акциялары бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырылған кезде берілмейді. 7. Қоғам бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды сатып алатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлайтын тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындаған жағдайда құқылы. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды