30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоғамның жарғысында айырбастау мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауды жүзеге асыруға құқылы. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаудың шарттарын, мерзімдерін және тәртібін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы айқындайды. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Қоғам акционерлері жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешімінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
2) бөлшектеу коэффициенті;
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
4) өзге де мәліметтер.
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларды бөлшектеу кезінде акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Егер кепіл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге және өзі кепілге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады.
2. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:
1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан акциялардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентінен аспаған; 3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.
3. Егер кепіл талаптарында өзгеше белгіленбесе, қоғам орналастырған және оның кепілінде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесілі болады. Қоғам өзінде кепілде жатқан акцияларымен дауыс беруге құқылы емес.
4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгіленеді.
29.11.03 ж. № 500-ІІ ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-IІІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)