Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері



бет49/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері
1. Қоғамның лауазымды адамдары:
1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және қоғам мен акционерлердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін әдістерді пайдаланады;
2) қоғамның мүлкін пайдаланбауға тиіс әрі оны қоғам жарғысына және акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы пайдалануға, сондай-ақ оны өз мақсаттарына пайдалануға жол бермеуге және өздерінің үлестес тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде асыра пайдаланбауға тиіс;
3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;
4) қоғамның қызметі туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ашылуы мен берілуін бақылайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) егер қоғамның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде қоғамдағы жұмыс тоқтатылған сәттен бастап үш жылдың ішінде сақтауға міндетті.
2. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:
2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) хабардарлық, ашықтық негізінде, қоғамның және оның акционерлерінің мүдделері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес әрекет етуге;
2) барлық акционерлерге әділ қарауға, корпоративтік мәселелер бойынша объективті түрде тәуелсіз ой-пікір білдіруге тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-бап жаңа редакцияда
63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің іс-әрекеттерінен және (немесе) әрекетсіздігінен келтірілген зиян үшін және қоғамға келтірілген залалдар үшін:
1) қателесуге әкеп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу;
3) олардың жосықсыз іс-әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі нәтижесінде, оның ішінде олардың не олардың үлестес тұлғаларының қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде пайда (табыс) табу мақсатында, қоғамға зиян келтіруге әкеп соқтырған ірі мәмілелерді және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасуды ұсыну және (немесе) жасасу туралы шешім қабылдау нәтижесінде келтірілген залалдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген жағдайларда, акционерлердің жалпы жиналысының ірі мәмілелерді және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдауы, егер оларды орындау нәтижесінде қоғамға залал келтірілсе, оларды жасасуды ұсынған лауазымды адамды немесе өзі мүше болып табылатын қоғам органының отырысында, оның ішінде олар не олардың үлестес тұлғалары пайда (табыс) табу мақсатында жосықсыз әрекет еткен және (немесе) әрекет етпеген лауазымды адамды жауаптылықтан босатпайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде мұндай мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын иеленетін (жиынтықта иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде, жасалуына мүдделілік болған және нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
2. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан лауазымды адамға оның қоғамға келтірген зиянды не залалдарды қоғамға өтеуі туралы, сондай-ақ, егер лауазымды адам жосықсыз әрекет еткен және (немесе) әрекет етпеген болса, қоғамға залал келтіруге әкеп соқтырған ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алынған пайданы (табысты) лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының қоғамға қайтаруы туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан, қоғамның лауазымды адамына және (немесе) үшінші тұлғаға, егер осындай мәмілені жасасу және (немесе) жүзеге асыру кезінде қоғамның осы лауазымды адамы осындай үшінші тұлғамен келісім негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарын немесе оның еңбек шартын бұза отырып әрекет етсе, қоғамның осы үшінші тұлғамен жасаған мәмілесі нәтижесінде қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда аталған үшінші тұлға және қоғамның лауазымды адамы қоғамға осындай залалдарды өтеу кезінде ынтымақты борышкерлер ретінде әрекет етеді.
Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) сот органдарына өтініш жасағанға дейін қоғамның лауазымды адамдарының келтірген залалдарды қоғамға өтеуі және ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алынған пайданы (табысты) қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қоғамға қайтаруы туралы мәселені директорлар кеңесінің отырысына шығару туралы талаппен қоғамның директорлар кеңесінің төрағасына жүгінуге тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысын шақыруға міндетті.
Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционердің (акционерлердің) өтініші бойынша директорлар кеңесінің шешімі отырыс өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның (олардың) назарына жеткізіледі. Директорлар кеңесінің көрсетілген шешімін алғаннан кейін не оны осы тармақта белгіленген мерзімде алмаса, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан аталған мәселе бойынша директорлар кеңесінің төрағасына акционердің өтініш жасағанын растайтын құжаттар болған кезде қоғам мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Мәміленің жасалуына мүдделі және орындау нәтижесінде қоғамға залалдар келтірілген мәміле жасасуды ұсынған лауазымды адамды қоспағанда, қоғамның лауазымды адамдары, егер қоғамның органы қабылдаған, қоғамға не акционерге залалдар келтіруге әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дәлелді себептермен дауыс беруге қатыспаса, жауаптылықтан босатылады.
Егер лауазымды адамның қоғамның лауазымды адамдары қызметінің осы Заңда белгіленген қағидаттарын сақтай отырып, шешім қабылдау кезінде өзекті (тиісті) ақпарат негізінде тиісінше әрекет еткені және мұндай шешім қоғам мүдделеріне қызмет етеді деп негізді түрде есептегені дәлелденген болса, ол коммерциялық (кәсіпкерлік) шешімнің нәтижесінде туындаған залалдарды өтеуден босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет