Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары



бет56/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ірі мәмілені және жасалуына мүдделілік болған мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ өзге де мәмілелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасасу осы мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп тануға алып келуі мүмкін.
Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде сатып алынған немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, жасалуына мүдделілік болған, нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген және жасалуы нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле қоғамның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жиынтығында иеленетін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мәміле жасасудың осы Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметінің қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ірі мәмілені және (немесе) жасалуында мүдделілік болған мәмілені жасау кезінде осы Заңда белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы тараудың 70 және 73-баптарының талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет