Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату



бет59/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
82-бап. Қоғамдардың бiрiгуi
1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткізу актілеріне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғамдарды бiрiктіру жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын бір қоғамның инвестициялары қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға шегеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін еншілес ұйым біріккен жағдайда, құрылған қоғамның акциялары негізгі ұйым акционерлері арасында орналастырылады.
4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру тәртібі туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртібі туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекіту туралы ереже;
2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Өткiзу актiсiне атқарушы органдардың басшылары мен қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың бас бухгалтерлерi қол қояды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерінің барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет