77-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 78-бап. Қоғамның аудиті 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сот банкрот деп таныған қоғамды, сондай-ақ уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi 3. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін. 9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі Қоғам «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органың нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында жария етуге міндетті. 80-бап. Қоғамның құжаттары 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс.
Мына құжаттар:
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар; 7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту;
10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар; 12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі осы Заңға, қоғамның жарғысына және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес акционерлердің құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша материалдар; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс. 2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.
Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған:
1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;
2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;
3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;
4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы.