Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар



бет34/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат болуға тиіс.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қоғамның органдарын сайлау мәселелері бойынша материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша - әкесінің аты;
2) білімі туралы мәліметтер;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) қоғамға үлестестігі туралы мәліметтер;
3) соңғы үш жылдағы жұмыс орны және атқарған қызметі туралы мәліметтер;
4) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат болуға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда, материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қай акционердің өкілі болып табылатындығы немесе ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидат акционер не осы Заңның 54-бабының 2-тармағының 3) тармақшасындағы көрсетілген жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәліметтер де акционерлердің тізімі қалыптастырылған күнгі қоғамның дауыс беретін акцияларын акционердің иелену үлесі туралы деректер енгізіле отырып, материалдарда көрсетілуге тиіс.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар:
1) қоғамның жылдық қаржы есептілігі;
2) жылдық қаржы есептілігіне аудиторлық есеп;
3) директорлар кеңесінің аяқталған қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы жыл ішіндегі дивидендтің мөлшері туралы ұсыныстары;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
3-2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге бастамашының қалауы бойынша өзге де құжаттар қамтылуға тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс, ал акционердің сауал салуы болған кезде - сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет