47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік 1. Акционер жеке өзі немесе өз өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы. Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулары бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғам қызметкерлерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі осы Заңға, қоғамның жарғысына және қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес не акционерлердің жалпы жиналысының тікелей шешіммен белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде сырттай дауыс берген акционерлердің (акционерлер өкілдерінің) бюллетеньдері ескеріледі. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Қоғамның артықшылықты акцияларының меншік иесі болып табылатын акционер акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына қатысуға және онда қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
Егер қоғамның жарғысында немесе акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының шешімінде өзгеше белгіленбесе, оған өзге адамдар шақырусыз қатыса алады. Акционерлердің жалпы жиналысында мұндай адамдардың сөз сөйлеу құқығы қоғамның жарғысында немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1. Егер дауыс беру үшін бұрын бюллетень жіберген акционер аралас дауыс беру пайдаланылатын акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бұрын жіберген бюллетені акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыстарды есептеу кезінде есепке алынбайды. 3. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
4. Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді. Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әрбір акционердің бір дауысы болады, ал шешім қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналысқа қатысушы акционерлердің барлығы атқарушы органға кіретін жағдайларды қоспағанда, атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
5. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі. 8. Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болуы үшін жауап береді.