Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті



бет57/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
1. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
2. 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
2005.08.07ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жыл сайын жариялауға мiндеттi.
Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi, сондай-ақ осы Заңда және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізіледі. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет