Микроорганизмдердің
биохимиялық
белсенділігі
олардағы
ферментативтік жүйеге байланысты. Ферменттер микроорганизмдердің
қоректенуі тыныс алуы, өсуі және көбейуі сияқты құбылыстардың негізін
құрайтын түрлі биохимиялық реакциялар үшін аса маңызды болып саналады.
Ферменттердің кластары:
1. оксидоредуктазалар (дегидрогеназа, цитохромдар, цитохромоксидаза,
каталаза);
2. трансферазалар (фосфотрансфераза, аминотрасфераза);
3. гидролазалар (карбогидраза, пептолитикалық ферменттер, пептидаза,
дезаминаза, амидаза, эстераза);
4. лиазалар (альдолаза, декарбоксилаза және т.б.);
5. изомеразалар (триозофосфатизомераза, глюкозофосфатизомераза);
6.
лигазалар
-
синтетазалар
(карбоксилаза,
глюкаминсинтетаза,
аспарагинсинтетаза, т.б.).
Сонымен қатар зардапты микробтар уытты ферменттер түзеді: гемотоксин,
лецитиназа, плазмокоагулаза, гиалуронидаза, фибринолизин.
|