Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


Value of a logorhythmics for overcoming stutter at children of preschool age (the theoretical review)



Pdf көрінісі
бет59/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101
Value of a logorhythmics for overcoming stutter at children of preschool age (the theoretical review) 
The article mentions the features of the speech therapy rhythm in the elimination of stuttering of preschool 
age. A special literature has been revised on the features of the speech therapy rhythm in the elimination of 
stuttering of preschool age. An analysis was made of the work of scientists who studied the features of the speech 
therapy rhythm in the elimination of stuttering of preschool age. This article expresses the importance of the speech 
therapy rhythm in the elimination of stuttering of preschool age. 
Key words:
stuttering, speech therapy rhythm, musical and rhythmic education. 
Тұтықпа - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің 
жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Сөйлегенде сөздің қайталануы, тоқтап қалуы, 
ұзарып кетуі сияқты құбылыстар үнемі пайда болады. Кейде тынысы тарылу, ентігу, жүрек 
қысылу, бет қызару, сөйлеуден жасқану сынды ауру белгілері де қосанжарлайды. Тұтықпа – ол 


66 
сөйлеу кемістіктерінің ішіндегі ең ауыр түрлерінің бірі, себебі тұтықпаны жою өте қиың. Ол 
баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу 
қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын 
қиындатады.
[1]
Білім туралы Заңының 2-тарау, 8-бабының 6-тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі 
шектеулі азаматтардың білім алуын, дамуындағы ауытқуды түзетуін және әлеуметтік жағдай 
жасауды қамтамасыз етеді» делінген.Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға 
айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа 
жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік –медециналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылыстары 
бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және 
кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті 
мәселелері жан-жақты қарастырылған.
[2]
Емдік ритмика логопедиялық мекемелерде сөйлеу тілі бұзылысы бар адамдарға ырғақтық 
әсер ету жүйесінде қолданылады. Осыған байланысты оңалту әдістеріндегі бағыт-логопедиялық 
ырғақ қалыптасты. Алғашқы логопедиялық ритмика В.А.Гилеровский мен Н.А.Власовтың 
жетекшілігімен мектептке дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілген жұмыста қолданды. 
В.А.Гринер мен Ю.А.Флоренскаяның «Логопедическая ритмика» мақаласында тұтықпа 
балалардың сөйлеуін жақсарту мақсатында оларға арналаған арнайы логопедиялық ритмика 
сабағын жоспарлау туралы мәселе қойылды. Бұл емдік ритмиканың жаңа бағытта 
логоневротиктерді емдеуде қолданылатын қосымша әдіс ретінде қаралды. Тұтықпа балаларға 
арналаған сабақтар үшін практикалық материалды 1939жылы Н.С.Самойленко мақаласында 
тұтықпа баланың моторикасы бұзылысын ескере отырып, қиыңдық деңгейі бойынша 
жаттығуларды топтады және сабақтардың өтуінің негізгі принциптерін аңықтады.
[3]
Тұтықпасы бар балалар тақпақ, өлең айтқанда, оларға берілген ритм бойынша көмек пайда 
болып, оларда тұтықпа жоғалады.Тұтықпа балаларға музыкалық ритм тұтығуды жою барысында 
тәжірибелік материал болып табылады. Себебі, олардың эмоциялық ерік аймақтарында көп көңіл 
бөлінеді. Сөйлеудің динамикасын аңықтағанда, ритм тек қозғалыс ғана емес, сонымен қатар, 
баладағы сөз бен сөйлеу темпін қадағалайды. 
Логопедиялық ритмика сабағанда, тұтықпасы бар бала өз ақауын тәрбиелеуіне жол ашады. Бұл 
оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Осыған орай, аталған 
мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, теориялық және тәжірибелік пайдалануының 
жетіспеушілігі зерттеу тақырыбын «Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларға білім беру» деп 
атауға мүмкіндік берді. 
Біздің елімізде 30-40жылы музыкалық ритмикалық тәрбие Н.А.Александрова, В.А.Гринер, 
Е.В.Конорова, М.А.Румер, Е.П.Шепулиндермен атқарылды. Эмиль Жак Далькроздың идеясын 
жалғастырушы неміс музыканты және педагогы Карл Орф болды. Оның әдістемелік 
концепциясының мазмұны баланың белсенділігін музыка мен би арқылы максимальды түрде 
дамыту болды. Бұл әдістің негізгі жетістігі баланың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдану және 
эстетикалық эмоцияларды жеткізу болып табылады. Сабақтың негізін, сөздің музыкамен қимыл-
қозғалыстың синтезі құрайды. Қимыл-қозғалыстар қарапайым музыкалық аспаптарда ритмикалық 
сөзбен, өлең мен ойын мен бірігеді. Техникаға деген талаптардың өсуінің арқасында бұл әдіс жан-
жақты қолдау тапты. Оның элементтері бала-бақша бағдарламасына, музыкалық және жалпы білім 
беру мектептерінің бағдармаларына еңгізілген. Сонымен қатар, олар арнайы мекемелерде және 
қимыл-қозғалыс реабилитациясын талап ететін балалармен жұмыс жасауда қолданылуы мүмкін. 
Осылайша, логопедиялық ритмика әртүрлі реабилитациялық әдістерде коррекциялық негізде 
пайдалы құралы ретінде кең қолдануда. 
В.А.Гиляровский өзінің зерттеуі бойынша былай деді: егер баланың сөйлеу тілі кеш 
дамыса, онда балада сөйлеу моторикасының дамымауына әкеліп соқтырады. М.Ф.Брунс 
тұтықпасы бар баланың моторикасын зерттей отырып, олардың сөйлеуінің моторлық дамымауы 
осыдан туу мүмкін деген қорытындыға келді. Тұтықпасы бар оқушылардың сөйлеу моторикасын 
қорытындылай келе, В.И.Дресвянников баланың моторикасын дамуы және экспрессивті сөйлеуі 
тығыз моторлық онтогенезде болуы мүмкін еді. Автордың айтуы бойынша, моторика және сөйлеу 
түзету жұмыс кезінде бір-біріне паралельді өзгереді деді.
[4]
Егер логопед баланың сөйлеуінің бақылағанда, олардың сөйлеу ырғағын жоғалтпаса, 
баланың сөйлеу қалпына келтіріледі деп айтуға болады. Ритмикалық және музыкалық-ритмикалық 
тәрбиенің жүйесі келесі жағдайларды ескере отырып жасауға болады[
5]



67 
1.Жас ерекшеліктерін және жыныс ерекшеліктерін. Сондықтан ритмистердің Мәскеулік 
мектебі мектепке дейінгі және мектептік ритмиканы ерекше секцияға бөлді. 
2.Профессионалды ерекшеліктері.Мысалы, ритмика бойынша сабақтар көркемдік, 
хореографиялық, музыкалық мектептерде, театр училищилерде әр түрлі жүреді. Осындай 
ритмикаға үйрену шығармашылық ғылымдардан бөлек жатқан кәсіптерге қатысты да сақталуы 
тиіс. Мысалы, болашақ ұшқыш өз қимылдарының нақты координациясын аңықтап назарын 3-4 
және одан көп нысандарды назарда ұстау қабілеті болуы тиіс. Осыған орай, ритмиканың 
міндеттері де аңықталады. 
3.Оқушылардың моторлы және интеллектуалды дарындылығы. Н.Г.Александрова бұл 
негіздегі дефектісі бар балалармен жүргізілетін ритмикалық сабақтар қалыпты балалармен 
жүргізілетін сабақтарға қарағанда мүлдем басқаша болуы тиіс деп атап көрсетті. 
4.Ритмика сабақтары ұжымдық сезімін тәрбиелеуі тиіс. Әрекеттің әрбір қатысушысы
жалпы массада қаншалықты батып бара жатсада, сонымен қатар өзіне жүктеленген тапсырмаларға 
жауапкершілікті сезінеді. 
5.Ритмика адамға қимыл-қозғалыста жаттамаған, үйретілмеген істерде көрінуге мүмкіндік 
береді. Бұл еркін қозғалыстарда адам барлық өзіндік психофизикалық аппаратын көрсете алады. 
Ол кеңістік пен уақытта мақсатты, реттелген қимылдар жасайды, яғни кейбір биомеханикалық акт. 
Екіншіден, ол өз алдына қойған міндетті шешеді, яғни интеллектуалды акт жасайды. Үшіншіден, 
ол музыкалық динамикамен, логикамен және музыканың өзіндік сипатымен толық бірігетін 
факттың ерекше қанағаттануына негізделген эстетикалық эмоцияны сезінеді. Мәскеулік 
ритмистер ассоциясының мүшелерінің ойынша бала кім болып өседі де, оның психикалық 
аппаратында және оның кәсібінде жағымды түрде байқалатын көріністер мен дағдылар қатарын 
алу үшін ол ритмикалық жаттығулармен жаттығу тиіс. 
Логопедиялық ритмика- логопедия және дефектологияның жалпы методологиялық 
негіздерінен бастау алады және оның бөлімдерінің бірі болып табылады. Аномальды балаларды 
жан-жақты зерттеу жетістігі сөйлеуінде бұзылысы бар балаларды логоритмикалық тәрбиелеуді 
толықтыруда үлкен үлесін қосты. Логопедиялық ритмиканың негізгі мәнін аңықтайтын маңызды 
міндеті: сөйлеуді тәрбиелеудің негізі ретінде сөйлеу бұзылыстарын жоюдағы қимыл-қозғалыс 
қабілеттерінің патологиясын дамыту мен қалыптастыру. Логопедиялық ритмиканың негізіне 
сөйлеу бұзылысы бар кез-келген жастағы адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктері кіреді, 
олардың еңбекке қабілетті мүмкіндіктері, реабилитационда қимыл-қозғалыс потенциалы 
шаршағыштық деңгейі, қызығушылықтары мен талаптары, қарым-қатынас деңгейі, көркемдік іс-
әрекеттік, көркемдік-бейнелік және логикалық ойлау түрлері іс-әрекеттің басымырақ түрінің 
ерекшелігіне және т.б. Осыған байланысты логоритмикалық тәрбиенің мазмұны сөздік 
коррекционды әдістермен және емдік сауықтыру шараларымен қатар қаралуы тиіс. 
Логоритмикалық сабақтардың ұйымдастырылуының кез-келген түрінде логопедпен музыкалық 
жетекшінің назары баланың жан-жақты дамуына, қимыл-қозғалыс және сенсорлы аймақтағы 
сөздік емес бұзылыстарды жоюға, сөйлеуді дамытуға немесе қайта қалпына келтіруге бағытталған, 
сонымен қатар балалар белсенді түрде жеңуіне, өз әрекетінде шығармашылыққа тырысуына назар 
аударылады. 
Логоритмиканың тағы бір ерекшелігі реабилитациялық жұмыстың әдісі мен оның 
мазмұны, жаттығушылардың жастарына ( балалар, жасөспірімдер, ересектер), сөйлеу бұзылысына, 
олардың қозғалыс және сөйлеу қимыл-қозғалыстық функция жағдайларына тәуелді. 
Логоритмикалық тәрбиелеуде 2 негізгі кезеңді көрумізге болады. Біріншісі-сөйлеу патологиясы 
бар адамдарда сөздік емес процестерді түзету, тәрбиелеу дамыту, ал негізгісі есту назарын естуді, 
есте сақтауды, оптико-кеңістік көрінісі, қозғалыс координациясын, қозғалыстағы тең және ритм 
сезімін, жеке тұлғаны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеуді қарастырады. Екіншісі-сөйлеу 
бұзылыстарын түзету және сөйлеуді дамыту, демалу темпін және ритмін, сөйлеуді, 
фонематикалық естуді, ауызшы процесті тәрбиелеу және сол сияқты этиолгия, механизмдер 
бұзылыстың симптоматикасын және оның жою әдісіне байланысты сөйлеу бұзылыстарын ауызша 
процесті тәрбиелеу және сол сияқты этиология, механизмдер бұзылыстың симптоматикасымен 
және оның жою әдісіне байланысты сөйлеу бұзылыстарын түзетуді тәрбиелеу. 
Осылайша, логопедиялық ритмика адамның қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылыстарымен, 
даму заңдылықтарын, олардың сөйлеу, есту және сөйлеу қозғалыс жүйесінің байланыстарын 
қарастыра отырып, түзету-тәрбиелік және қайта қалпына келтіру жұмыстарының толығуына әсер 
етеді. Сөзбен музыканың бірігуінде қимыл-қозғалыстың дамуы толық түзете тәрбиелеу процесі 
болып табылады. Бұзылған функцияларды қайта қалпына келтіру және сақталған функцияларды 


68 
болашақтағы дамуы баладан жинақтылықты, ұқыптылықты, көріністердің нақтылығын, ойдың 
белсенділігін, есте сақтаудың дамуын талап етіп, эмоциональды-егер оқыту процесі 
қызығушылықты және осыған байланысты эмоциональды үн қатуды шақырса; бейнелі- қимыл-
қозғалыстың көркемдік мысалын қабылдау кезінде, сөздік логикалық міндеттері ойлану мен 
логоритмикалық тапсырмаларды орындау жолын есте сақтау кезінде болады. Балалар мен 
ересектерді логоритмикалық тәрбиелеу жағымды тәрбиемен, моральды сезіммен, ақылдың 
қалыптасуымен, моральды ерікті қасиеттердің, тілектестікпен, өзара көмек берушілік, 
мақсаттылықпен тікелей байланысты. Логоритмикалық тәрбие- тұтықпаларда этикалық сезімінің 
байлығын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет