Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет90/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101
Мектеп оқушыларын қауіпті жағдайлар себептерін анықтауға бағытталған әдістемелік 
құралдар
. Мұғалім түрлі жағдайларды атайды, қауіпті жағдайлар аталғанда балалар қолдарын 
көтереді: ұл бала кузетші итті мазақ қылды; бала бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп 
бара жатыр; қыз бала конькимен сырғанап жүр; бала спорт залда бокспен айналысты; қыз бала 
биік жартастан өзенге секірді; қыз бала анасына киім үтіктеуге көмектесті; ұл бала электр 
пойызының үстінде кетіп бара жатыр;ұл бала велосипед теуіп жүр; қыз бала платформа шетінде
поезд күтіп тұр; ұл бала жаттықтырушының рұқсатымен биіктіктен бассейнге секірді; ұшқыш
ұшақтан парашютпен секірді және т.б. Оқушыларға жағдайды нақты білу үшін сұрақтар қоюға 
рұқсат беріледі. Қауіптің пайда болу себептері талқыланады. Қауіп төнгендегі адамның рөліне 
назар аударылады. Қауіпті жағдайлар адамдардың қателігінен болған жағдайда оқушыларға 
қолдарын көтеруге нұсқау беріледі. Қатты жел балалар тұратын үйдің шатырын қиратты;бала 
үйдің шатырынан құлап кетті; жаяу жүргіншілер жолына жақын шатырдан мұз құлады және 
т.б.[4]. 
Қауіпті жағдайлар туындаған кезге мысалдар келтіруге тапырмалар беріледі: 
a)
Адамдар қателеспейді, іс-әрекеті дұрыс; 
b)
Балалардың қателе іс әрекеттері салдарынан; 
c)
Үлкендердің дұрыс емес іс-әрекеттері салдарынан. 
Кейбір қауіпті жағдайлар (тауларда,дауыл кезінде, қылмыскердің шабуылы т.б.) адамға тәуелді 
емес себептер бойынша пайда болады. Оқушылар қауіптің әсіресе адамдардың дұрыс емес іс-
әрекеттерінен туындағаны туралы қортындыға келеді.
Негізгі қауіпсіздік ережелерін талқылауға арналған материалдар. 
Мұғалім қауіпсіздіктіңнегізгі ережелерін қалыптастырады: 
a)
Қауіпті болжау; 
b)
Оны болдырмауға тырысу; 
c)
Қажет болған жағдайда әрекет ету.


106 
Сонымен қатар мысалдар да келтіреміз: 
a)
Балалар өздері өтетін жолда қауіп төндіруі мүмкін ашулы иттің бар екенін байқайды. 
Қауіпті болжау әрекеті. 
b)
Балалар итті айналып өтуге тырысады яғни қауіптен аулақ жүруге тырысады. 
c)
Ит жіптен үзіліп ағашқа өрмелеген балаларға шабуылдайды, қауіпті жағдайда жұмыс 
істейді. 
Түрлі жағдайлар аталады, қауіпсіздік ережелері орындалғанда балалар қолдарын көтереді: 
a)
Балалар ағаш үйдің шатырында от жағады; 
b)
Бала телефон арқылы жедел жәрдем дәрігерін інісінің есінен танып қалғанын айтып 
шақырады. 
c)
Туристер тау жартасының шетіне үй шатырларын орнатады. 
d)
Қыз бала газдың иісін сезіп, газ плитасын өшіріп терезені ашты. 
Мұғалім келесі типтегі тапсырмаларды ұсынады: 
-Мен қауіпті жағдайға тап болған адамдардың әрекеттері туралы айтып беремін. Сендер мұқият 
тыңдап қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін айтыңдар!?Туристтер жаңбырдан қорғану 
үшін бұтақтардан шалаш орнатады. Қыз бала подьздге кірмек болғанда үй алдында бұзақыларды 
байқайды. Қыз бала бұзақылардың оған тиісуі мүмкін екенін біліп үйіне кірмеді. Ол ата-анасын 
күтіп үйіне бірге кірді. Бала көрші үйде өрт болып жатқанын байқап, үлкендерге сол жағдайды 
хабарлады. 
Қауіпті және қауіпсіз жағдай жайлы білімдерін бекітуге арналған материалдар. 
«Қауіпсіздік» және «қауіп» ұғымдарының арасындағы қатынасты түсіну үшін келесі 
тапсырмаларды қолдану керек. Балаларға қауіп төнген жағдайда қолдарыңды көтеріңдер: 
a)
Балалар көше бойында коньки теуіп жүр; 
b)
Балалар аулада сырғанауда; 
c)
Қыз көшенің басқа жағына өту үшін жер асты өтпесін пайдаланды; 
d)
Бала автокөлік жолында шанамен сырғанап келеді; 
e)
Қыздар үйдің ауласындағы ойын алаңында ойнауда. 
Нашар еститін балаларды өмір қауіпсіздігіне тек мұғалім тәрбиешілер ғана үйретіп қоймай, 
сонымен қатар ата-аналар да үйретуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет