Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет28/95
Дата15.02.2023
өлшемі1,88 Mb.
#68090
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Key words: children with special needs in education, language development, alternative technology. 
Бұл мақаланың мақсаты: білім берудің альтернативі бағыттарының бал тілін дамытудағы 
маңыздылығын ашып, осы бағытты қарастырған авторлардың ұсыныстарына шолу жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі 
кезеңде педагогтардың оқыту жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі бағыты – бұл оқытудың 
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру болып 
табылады. 
Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, 
дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық 
қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке 
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Қазіргі кездегі зерттеулердің нәтижесі бала тілін дамытудағы дәстүрлі әдістердің 
тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Яғни өзекті мәселелердің бірі деуге болады.Соңғы жылдары 
педагогика және психология саласындағы зерттеуші ғалымдар тіл дамуында әр түрлі ауытқулары 
мен тежелістері бар балалармен жұмыста дәстүрлі емес, яғни альтернативті әдістерді қолдануды 
ұсынады. Осы салада іздену жұмыстарын атқарған М.И.Чистяков пен Т.Д. Зинкевич-Евстигнеев 
және т.б. орыс ғалымдарын атап өтуге болады. Бұл ғалымдар тілдік бұзылыстарды түзету 
барысында дәстүрлі әдістермен қатар жаңа дәстүрлі емес әдістерді де қолдана отырып, жұмыс 
тиімділігін арттыруға болатындығын көрсетеді. Логопедиялық жұмыс барысында тиімді 
қолданылып жүрген келесі әдіс-тәсілдерге назарларыңызға ұсынамыз: ертегі терапиясы, құм 
терапиясы, мнемо тәсіл, PECS, арт терапия, саз балшықпен жұмыс, қуыршақ театры және т.б. 
Альтернативті педагогикалық технологияларды қарастырып, өз бағыттарын ұсынған мына 
үш ғалымның пікірлеріне тоқталып өтейік. Олар: Рудольф Штайнер, С. Френе және Мария 
Монтессори.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет