32
• ыңғайлы жағдай туғызу; бала тілін дамыту сабақтары міндетті түрде үстел басында, айна
алдында болуы міндетті емес. Сабақ табиғилылыққа жақын жағдайда өткізілуі тиіс.
• жағдаяттар арқылы дамыту; яғни шешімін баланың өзі табуы қажеткез келген жағдаяттар
туғызып, еркін дамуға мүмкіндік беру;
• инновациялық технологияларды қолдану; бала тілін дамытуда жаңа әр түрлі тиімді
әдістерді қолдану және балаға технологиялармен жұмыс жасауды үйрету.
• ата-аналардың үлесін ұлғайту;
• сенсорлық дамыту; таңдалған тәсілдердің сезімдік қабылдауды дамытуға бағытталуы тиіс;
Жоғарыда аталған принциптер негізінде бала тілін альтернативті
тәсілдер арқылы дамытуға
болады. Бала тілін дамытуда альтернативті технологияларды қолдану жалпы түзету-
педагогикалық жұмыстың тиімділігін еселеп арттырады. Қазіргі заман талабына сай арнайы
педагог мамандары альтернативті технологияларды қолдану барысында аталған авторлардың
ұсынған бағыттарын негізге алып, инновациялық технологияларды
өз жұмыстарына бейімдей
алады.
Альтернативті технологияларды қолдану арқылы білім беруде арнайы қажеттіліктері бар
балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттеп, осы бағыт бойынша мамандарға қажетті
әдістемелік ұсыныстар жасау мақсатында ізденіс жұмыстары жоспарлануда.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
1) Васичкин, В.И. Справочник по массажу. — Л.: Медицина, 1991.
2) Архипова, Е. Ф. Коррекционно-логопедическая работа по преодолению стертой
дизартрии у детей
.
- М: АСТ Астрель, 2008.
3) Шафеева, А.А.Логопедический массаж: методическое пособие. — М.: В. Секачёв,
ИОИ, 2009.
4)
https://podrastu.ru/razvitie/rechevoe/netradisionnye-metody-razvitija-rechi.html
Достарыңызбен бөлісу: