Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет30/95
Дата15.02.2023
өлшемі1,88 Mb.
#68090
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95
Оқытушының рөлі: 
- педагог 8 жылы бойы балаларды пәндерге жетелейтін маман. 
~ Мұғалім - дос. 
~ Пәнмен баларға емес, ал балалармен пәнге қарай жүретін бағытты ұстану. 
~ Білім беру емес, ал балаларды сабақ барысында өмір сүруге бейімдеу. 

Мұғалім мен оқушының біртұтас рухани өмірі. 
- Табиғат берген күштің толысуына көмектесу. 
- Балаға «жоқ», «болмайды» деген сөздердің айтылмауы. 
- Ескету жасалмайды (күшті мен әлсіз деп бөлмеу). 
- Жаман баға қоймау. 
- Екінші жылға қалдырмау. 
- Баланы өз қабілетіне сай қабылдау (барлық бала талантты). 
Вальдорфтық мектеп баланың ой-өрісі мен зиятын, физикалық және адамгершілік 
қабілеттерін қатар дамытады. Тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі принципі – еркіндік. 
Мектептің директоры жоқ. Маңызды мәселелерді шешуге ата-аналар қатысады. Сонымен қатар 
ата-аналар мектепті ашу туралы да шешімді өздері қабылдайды. Вальдорфтық мектепте жалпыға 
бірдей әдістеме, оқыту жоспары мен оқулықтар болмайды. Мұғалімдерге оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінің мазмұнын, формасын және әдістерін таңдауға толық құқық берілген.
2. Френе селестеннің еркін еңбек технологиясы(1896-1966) - француз педагог әрі 
ойшылы. С. Френе технологиясы бойынша жұмыс атқаратын білім беру мекемелері «Жаңа 
француз мектебі»деп аталып кетті. 
Тұжырымдамасы: 
- Оқыту –табиғи жағдайда өткізіліп, бала дамуының ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. 
- Балалардың арасындағы қарым-қатынасы мен құндылықтарға бағдарлануы оқыту-
тәрбиелеу үдерісінің негізі болып табылады. 
- Оқытудың барлық кезеңдеріндегі қоғамдық маңызды еңбек. 
- Мектептік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөлінеді.
- Балалардың эмоционалдық және зияттық белсенділігі белсендіріледі.
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа материалдық технологиялары қолданылады. 
Мектептің негізгі мақсаты –баланың физикалық және рухани күшін дамыту. Бұл мектеп 
жүйесінің барлық элементтерінде көрініс табады. Оқыту мен тәрбиелеу процесін өнермен 
ұштастыру жүзеге асады.
• Қосымша ағарту жұмыстары (музей, театржәне т.б.). 
• Пәнаралық байланыс. 
• Еңбектік тәрбиеге көп мән беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет