Акушерия және гинекологияда қолданатын тексеру әдістері келесідей болып бөлінеді:
Жалпы медицинадағы зерттеу әдістері
Арнайы зерттеу әдістер
Тексерудің құрылымды элементтері:
Анамнез жинау
Жалпы қарау,
соматикалық статусты бағалау
Акушерлік-гинекологиялық зерттеу
Қосымша зерттеу әдістері
Акушериядағы лабораторлы зерттеу әдістері:
Акушериядағы лабораторлы зерттеу әдістері:
Қан және зәрді зерттеу
Биохимиялық
Иммунологиялық
Бактериоскопиялық
Бактериологиялық
Акушериядағы қосымша зерттеу әдістері:
Медико-генетикалық әдістер
УДЗ
Ультрадыбысты доплерометрия әдісі
Ультрадыбысты зерттеу
Акушерияда УДЗ жүктілікті және патологияларды анықтауда ең тиімді, әрі информативті әдіс. УДЗ арқылы құрсақ қалпын, өлшемін, босану уақытын, түсік тастау қауіпін, жүктілік кезеңдерін, дамымай қалған жүктіліктің, құрсақтың орналасуын, плацента жағдайын, құрсақ жынысын анықтайды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен ереже бойынша жүктілік барысында үш рет ғана УДЗ жасауға рұқсат берілген. Ол мына уақыт аралығында жүргізіледі: 1. 10-14 апта 2. 20-24 апта 3. 30-34 апта
Алғашқы УДЗ (10-14 апта )
жүктілік мерзімін нақты анықтауға,
ұрықтың дамуында қандай да бір ауытқушылықтар бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
20-24 аптада
барлық ұрық органдары толықтай дамып, қалыптасады. Осы кезеңде жасалатын УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді:
ұрықтың бет-пішінін,
көзінің арақашықтығын байқап,
мұрын сүйегінің ұзындығын,
ерін және таңдай жырығы ауруларын көруге болады.
Ми, жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, ішек, қуық, омыртқа қалай дамып жатқаны туралы да білуге болады. Сондықтан осы кезеңдегі УДЗ-ның маңызы жоғары.
30-34 апталық кезінде
жүргізілетін үшінші УДЗ-нің негізгі мақсаты – баланың босанар алдындағы жағдайы мен жатырда қалай жатқанын анықтайды.
36-37 аптада жүктіліктің физиологиялық ағымында плацентаның қалыңдығы 3,3-3,6 см. құрайды.
Әдістің нақтылығы 74,8 %
Фетоскопия
Фетоскопия әдісі құрсақ дамуында аномалияларды анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс эндоскоп көмегімен жасалынады. Құрсақ бөліктерін көреді және қажет болған жағдайда құрсақтың тінінен, қанынан, құрсақ айналасы сұйықтықтан үлгі алынады.
Қарсы көрсетілім: Түсік тастау қаупі және жатырішілік инфекция.
Кіндік тамырларынан эхографикалық бақылау арқылы трансабдоминальды кардоцентез арқылы қан алынады. Бұл диагностикалық шара құрсақтың хромосомалық ауруларын анықтауда, жатырішілік инфекция даму қаупінде, құрсақ гипоксиясында ана мен құрсақтың қанының изосерологиялық сәйкессіздігінде жасалады. Кордоцентез жүктіліктің 18 аптасынан кейін жасалады.
Қорытынды
Акушерияда зерттеу әдістері құрсақтың дамуы, аномалияларды анықтауда, түсік қаупін анықтауда, жүрек ақауларын ерте диагностикалауда маңызды. Бұл әдістерді уақытылы дұрыс қолдану арқылы нәрестелерде және аналарда мүгедектік, өлім қаупін азайтуға қол жеткізіледі.