Ал кокаин кокаинның



бет1/7
Дата03.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#47207
  1   2   3   4   5   6   7


Алкалоидтардың ашылу тарихы 1803 жылдан басталды деп есептелінді. Себебі осы жылы Л.Ш. Дероиль ауада кептірілген опиумнан «наркотин» деп аталған алкалоид қосылысын бөліп алды. Содан кейін 1805 жылы Ф. Серптонер опиумнан алынған морфинді жария етті. 1810 жылы Б. Гомес хинин ағашының қабығынан алынған спиртті экстрактыны сілтімен өңдеп, кристалды өнімі «цинхонин» алған. П. Пельтье жəне Ж. Кабентд Сорбонна фармацевтикалық фа-культетінде 1820 жылы «цинхониннан» екі алкалоидты бөліп, бұл қосылыс-тарды хинин жəне цинхонин деп атады. 1820 жəне 1850 жылдар аралығында жаңа əртүрлі көптеген алкалоидтардың түрі анықталынған.

Алкалоидтар – негіздік сипат көрсететін табиғи азоты бар органикалық қо-сылыс. Көп алкалоидтардың құрылысы күрделі, өзіне тəн иісі бар. Көптеген ал-калоидтар азот атомы сақинада орналасқан гетероциклдерге жатады, ал сирек жағдайларда азот бүйірде орналасады. Өсімдік əлемінде алкалоидтар біркелкі таралмаған.


Алкалоидтар көбіне өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық активті зат. Олар өсімдік жасушасындағы алмасу өнімі болып саналады, тек соңғы кездерде микроорганизмдерден, шыбын-шіркейден жəне жануарлардан табылған. Алка-лоидтар бұрынғы заманнан белгілі жоғарғы фармакологиялық активтілігі бар, медицинада қолданылатын табиғи қосылыстардың бір тобы. 17-ғасырдың орта-сында хинин деген алкалоид малярия ауруын емдейтін препарат ретінде қол-данылды. «Хинин» – хин ағашының қабығынан алынған алкалоид. Оларды тривиальды аттары бойынша атайды, яғни қандай өсімдіктен бөлінді сол өсімдіктің аталуының алғашқы түбіріне «-ин » жұрнағы жалғанады. Мысалы, мына заттардың аттары бөлінген өсімдіктің аталуына байланысты берілген, никотин – темекінің жапырағынан (Nicotiana tabacum L.), ал кокаин – кокаинның




жапырағынан (Erythroxylon coca Lam.)
Алкалоидтардың көп болғанымен, олардың құрылыстарының əртүрлі болуы ғалымдардың арасында алкалоидтар класына бірдей классификацияны енгізуге мүмкіндік бермеді. Кейбір ғалымдар гетероциклдің табиғатына байланысты бөлсе, ал кейбіреулері алкалоидатрдың бөлінген өсімдіктерінің тұқымдас түрле-ріне қарай классификациялайды.

Алкалоидтардың құрылымы əртүрлі, олар жəй алкил ароматикалық амин-дерден бастап бір немесе бірнеше алкалоидтарға тəн, құрылымында 1-ден 4-ке дейін азот атомдары бар өте күрделі конденсирленген гетероциклдік жүйелерге дейін болады, сол себептен алкалоидтардың классификациясы – жіктелуі күрделі.


Химиялық классификациясы – жіктелуі:



  • Молекуласында гетероциклі жоқ алкалоидтар (жанама бүйір тізбегінде азоты бар алколоидтар)

  • Пирролидинді, пирролизидинді алкалоидтар.

  • Пиридинді жəне пиперидинді алкалоидтар.

  • Хинолизидинді алкалоидтар.

  • Хинолинді алкалоидтар.

  • Изохинолинді алкалоидтар.

  • Индолды алкалоидтар.

  • Имидазолды алкалоидтар.

  • Хиназолин алкалоидтары.

  • Пуринді алкалоидтар.

  • Дитерпенді алкалоидтар.

  • Стероидты алкалоидтар.

Көптеген алкалоидтар құрамына көміртек, сутек, азот жəне оттек кіреді. Мысалы, сары дүңгіршек (кубышка) шөбіндегі алкалоид құрамында күкірт табылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет