Ал кокаин кокаинның



бет6/7
Дата03.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#47207
1   2   3   4   5   6   7
Индолды алкалоидтар

Индол молекуласы – бензол сақинасы мен оған пиррол сақинасының конден-сирленуінен тұрады. Индол кейбір (жасминді, апельсинді) эфир майларында кездеседі. Сонымен қатар ақуыздың құрамында триптофан – табиғи амин қыш-қылының құрылысын индол сақинасы құрайды.


Табиғатта кездесетін индолды алкалоидтардың құрылысында екі азот атомы болады. Конденсацияланған гетероциклдік жүйелердің мысалы есебінде индол қарастырылады.


Индолды алкалоидтар – алкалоидтар ішіндегі ең кең таралған түрі. Бұл алкалоидтар тобына жататын 900 қосылыс белгілі, олар 28 топшаға бөлінген. Индол алкалоидтарының жіктелуі химиялық құрылыстарына негізделген. Олардың бəрінде екі азот атомы, оның біреуі индолды азот, ал екіншісі индолды сақинадан алшақ β-орында екі көміртек тізбегімен бөлініп алифатты немесе гетероциклді тізбекте жатқан.




Хиназолинді алкалоидтар – негізгі өкілі адыраспаннан алынған: L-пеганин. Адыраспан өсімдігіндегі негізгі алкалоид хиназолин жəне индол туындылар. Бүршік ату 3%-алкалоид жинақталады, соның көбі L-пеганин, ал гүлдеу кезінде жəне дəн жинақтау кезінде ең көп алкалоид – гармин болады.


Пурин алкалоидтары. Пурин дегеніміз гетероциклді жүйе, құрамында аннелирленген пиримидин жəне имидазол сақинасы бар қосылыс, олар нуклеин қышқылдар құрамына кіреді. Сонымен қатар кейбір туындылары алкалоидтарға жатады. Пурин алкалоидтарға кофеин, теобромин, теофиллин жатады. Кофеинді алғаш 1819 жылы Рунге ашқан. Ол кофе дəндерінде 2%-ке дейін кофеин болады деген. 1889 жылы Коссель шайда аз мөлшерде теофиллинді тапқан. Теоброминді 1842 жылы А.А. Воскресенский ұсынған, ал 1889 жылы шəй жапырағынан жəне кофе дəндерінен алынған. Пурин алкалоидтарын алатын шикізат есебінде шай өндірісінің қалдықтары болып есептеледі, ол қалдықтар құрамында 1-3% ко-феин, ал какао дəндерінде 2%-теобромин бар екені анықталған.

Бұл пуринді алкалоидтардың табиғи көздері шайдың жапырағы, кофенің дəні. Кофеин – тиімді зат, орталық нерв жүйесін қоздырады жəне жүректің жұ-мысын реттейді. Физикалық қасиеті – ақ ине тəрізді кристалдар немесе ақ крис-талды ұнтақ.


Кофеинді алудың бірнеше əдісі бар. Соның бірі экстракцияға негізделген. Сумен экстракция жүргізіп, сосын алынған қоспаны қорғасын, кальций, магний тұздарымен тұнбаға түсіреді де, фильтратты тұнбадан босату үшін сүзіп алып, концентрлеп, кофеин алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет