Ал кокаин кокаинның


Өсімдік шикізатынан алкалоидтар жиынтығы кешенін алу жолы



бет5/7
Дата03.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#47207
1   2   3   4   5   6   7
Өсімдік шикізатынан алкалоидтар жиынтығы кешенін алу жолы:


Негізгі түрлері
Гетероцикл молекуласында азот атомы жоқ алкалоидтар.

Бұл алкалоидтарға эфедрадан алынған – эфедрин, безвременниктен алынған


– колхамин, колхицин жатады.
Табиғи эфедрин солға бұрылатын эритро-түрді береді. Дəрілік шикізатта псевдоэфедринде кездеседі, ол солға бұрылатын трео-түрді көрсетеді.

Эфедринді синтездеп алу үшін өндірісте пропион қышқылынан оның хлорангидридін алып, Фридель-Крафтс реакциясын пайдаланып, алюминий хлориді катализаторының қатысында пропионилхлоридпен бензолды ацилдейді де, пропиофенон алады, алынған өнімге бромдау реакциясын жүргізеді.



Пирролидинді жəне пирролизинді алкалоидтар.

Гигрин кокаинның жапырағынан бөлінген (Erythroxylon coca Lam, Оңтүстік Америка). Ол жалпы ынталандырушы əсер көрсетеді. Крестовник өсімдігінен алынған платифиллин.




Пиридин жəне пиперидин алкалоидтары, олар бірнеше топтарға бөлінеді:



  • пиридин жəне пиперидиннің қарапайым туындылары – лобелин (лобелия-дан алынған); кониин (тор-тор болиголовтан табылған);




  • бициклды конденсирленбеген жүйе – анабазин (жапырақсыз итсигектен); никотин (темекіден);

  • бициклды конденсирленген жүйе – тропан алкалоиды; скополамин, гиос-циамин (паслен тұқымдас өсімдіктен);



Конденсацияланған пиперидинді ж əне пирролидинді сақинасы бар алкалоидтар (Тропанның туындылары).

Бұл топтың өкілі – тропан. Тропан – бициклді қосылыс, құрамы пирролидин жəне пиперидин сақинасынан тұрады.


Тропанның тұрақты конформациясы. Өсімдіктен бөлінген жəне медицинада қолданылатын тропанды алкалоидтарының туындылары – ол атропин.
Атропин – кəдімгі красавка (Atropa belladonna) өсімдігінен бөлінген. Сонымен қатар кəдімгі дурман (Datura stramonium), қара белен (Hyoscyamus niger) өсімдіктерінен де бөлінген. Жоғарғы улылығына қарамастан медицинада көз ауруларының практикасында қолданылады.


Кокаин – коканың жапырағындағы (Erythroxylon coca Lam.) ең негізгі алкалоид. Медицинада анестетик жəне наркотикалық зат ретінде қолданылады. Бұрынғы кезде үндістер аштықты сездірмейтін немесе бұлшық етке пайдалы, өздерін жақсы сезіну үшін кока өсімдігінің жапырақтарын сағыз ретінде пайдаланған. Кока жапырағының бұл қасиетін білген еуропалық саяхатшылар оны Еуропаға алып келген. 1859 жылы Велер лабораториясында таза алкалоид – кокаин бөлінген. Кока жапырағы – өндірісте кокаин алудың шикізат көзі. Медицинада гидрохлорид ретінде қолданылады (көз, мұрын, зəр шығару жəне стоматологиялық операцияларда жергілікті анестетик ретінде қолданылады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет