"Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері"
Орындаған: Мукангалиев Р.
Тексерген: Галиева Ж.
Отбасы түсінгі Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы – ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның қоғамдағы құндылығыының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақ әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру.
Отбасы - әлеуметтену үдерісінің жетекші институты
Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Әлемге әйгілі шығыс ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсам: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты балаға тәрбие беруде отбасының орны бөлек. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.