"Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері"



бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#43039
1   2   3
Байланысты:
әлеуметтану презентация

Бала тәрбиесіндегі Отбасы рөлі
Біз әдетте «ауыл – тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз. Бұл рас. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып, өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кеткені де жасырын емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық, бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін болды. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас да осы тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалау болар еді. Әйтпесе, ауыл дегеніміз салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, мәдениетіміздің, тіліміз бен діліміздің, басқа да көптеген ұлттық құндылықтарымыздың сақталып, дамып отырған мекені, ошағы емес пе еді?!
Ауыл – тәрбие бесігі
Ауыл және қала баласы
Талантты балалардың да ауылдан шығатыны содан. Өйткені олардың дүниетанымы, ойлау қабілеті ұлттық тамырдан нәр алады. Мұндай ортада ер жеткен адамның таланты мен қабілеті де жыл санап шыңдалып, ашыла береді. Қалалық өмірдің өзі кісіні белгілі бір шеңберге салып қоятындай. Адами қарым-қатынас азаяды, уақыт жағынан шектеулілік, тақ-тұқ сөйлеу, ойды қысқа қайыру, үстіртіндік, т.б. түрліше қалалық сипаттар ауылдың сипатынан, ауылдың болмысынан бөлектеу болатыны белгілі. Ауыл баласы мен қала баласын қатар қоятын болсақ, екеуі екі түрлі мәдениеттің, екі түрлі дүниетаным­ның өкілі екенін бірден байқайсыз. Өйтке­ні қалада шарттылық көп. Ауылда табиғилық басым.
Еңбек – ауылдың тіршілік көзі. Күнделікті өмір еңбек дейтін ұғыммен астасулы. Мысалы, су әкелу, отын жару, көмір тасу, мал жайлау, шөп шабу, қора-қопсыны тазалау, аула сыпыру, т.б. көптеген еңбек түрлері баланы шынықтырып, қиыншылыққа төзуге, ауыр еңбекке шыдамды болуға, жұмысты тиянақты атқаруға, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Ал қала баласы мұндай еңбектің бірін де көрмей өседі. Адами қасиеттердің қалыптасуында еңбектің алатын өзіндік орны бар екенін ескерсек, еңбексіз ер жеткен баланың бойында ерік-жігер, намыскерлік аздау болады. Бүгінде қаншама қала балаларының уақыты дене еңбегінсіз өтіп жатыр. Өйткені қалада ауылдағыдай істей­тін қара жұмыс жоқ. Қалалықтардың бала еңбегіне көзқарасы да басқа­ша. Жасыратын несі бар, заманауи ата-аналардың көбі балаларын еңбекке баулығысы келмейді. Баласының еркін өскенін қалайды. Негізі, қала балаларының сабақтан тыс уақыт­тарда көбіне-көп бос жүретіндерін байқайсың. Бұл тұрғыдан алғанда ауыл баласының бос жүруге уақыты да, мүмкіндігі де бола бермейді. Әйтеуір, алдында бір міндеттер, жұмыстар даяр тұрады. Бәріне үлгеру керек. Сөйтіп жүріп, уақыттың да қадірін біліп өседі. Яғни, бойында уақытты бос өткізуге қарсы иммунитет қалыптасады. Сондай баладан күні ертең еліне елеулі еңбек сіңіретін азамат өсіп шығады.. Қаланы даттаудан аулақпыз. Себебі бо­лашақ қалалық жерлерге ойысып жатыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет