Қала құрылысы кадастрында стратегиялық жоспарларды іске асыру кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану


GPS жүйесін пайдаланудың ең негізгі бағыттары



бет2/3
Дата05.06.2023
өлшемі24,21 Kb.
#98722
түріДоклад
1   2   3
GPS жүйесін пайдаланудың ең негізгі бағыттары:

  1. Геодезия саласында: GPS көмегімен жер учаскелерінің шекаралары мен нүктелердің нақты координаттары анықталады.

  2. Картография саласында: GPS азаматтық және әскери картографияда қолданылады.

  3. Навигацияда: GPS көмегімен теңіз және жол навигациясы жүзеге асырылады.

  4. Көліктің спутниктік мониторингі: Gps көмегімен автомобильдердің қозғалысын бақылауға мониторинг жүргізіледі.



Келес ауданының географиялық орналасу жағдайы: Келес ауданы Түркістан облысының оңтүстік-батысында орналасқан, аумақ бөлігі 3451 ауданды алып жатыр. Аумақ солтүстік ендік бойынша 41°15′, ал шығыс бойлық бойынша 68°30′ координаттар жүйесінде орналасқан.
Геопортал – интернет арқылы геокеңістіктік ақпаратты және оған қатысты географиялық қызметтерді іздеу және оларға қол жеткізу үшін пайдаланылатын веб-портал түрі.
Бас жоспар қала құрылысы стратегиясын және тіршілік ортасын қалыптастыру шарттарын айқындайтын қаланы аумақтық жоспарлау туралы құжаттаманың негізгі түрі. Онда жобалық кезеңдерге сәйкес қала дамуының негізгі параметрлері айқындалады, жоспарлау тұжырымдамалары мен негізгі функционалдық аймақтар, аумақтың көліктік және инфрақұрылымдық дамуы бойынша іс-шаралар көрсетіледі [16].
Мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының жобасы кез келген тарихи қоныс үшін міндетті құжат. Жобаның негізгі мақсаты қаланы қайта құру, салу және жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткіштерді, құнды тарихи-мәдени аумақтар мен ландшафттарды қорғауды қамтамасыз етеді.
Көлік кешені жүйесі көлік жүйесінің қазіргі жай-күйін және аумақ халқына көліктік қызмет көрсету шарттарын кешенді талдайтын жоба Жобаланатын ауданның жоспарлау құрылымының қаңқасы көлік схемасы болып табылады. Бұл сызба Qgis бағдарламасында орындалды.
Келес аумағының жоспарлау құжаттамасы бойынша жұмыстың келесі кезеңі жерді пайдалану және дамыту ережелерін әзірлеу болды. жұмыс барысында жинақталған ақпараттық база бізге осы нормативтік-құқықтық құжатта қала аумағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы аймақтарды және қала құрылысы қызметінің нормаланған режимі бар аумақтарды ең жақсы және неғұрлым негізделген түрде бөлуге мүмкіндік берді. Бұдан әрі осы аймақтар бойынша жер учаскелерін пайдаланудың қала құрылысы регламенттері әзірленді.


3D Моделі бұл векторлық, растрлық немесе матрицалық картаның бейнесі қабаттасуы мүмкін рельефті ескере отырып салынған бет және онда орналасқан екі өлшемді карта объектілеріне сәйкес келетін үш өлшемді нысандар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет