«Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 10-сынып оқушысы


Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі39,75 Kb.
#118996
1   2   3   4
Байланысты:
Жоқтау жырлары

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Тәуелсіздік халқымыздың тарихына, мәдени-рухани мұрасына қайта үңілуге мүмкіндік берді.Қазалы күнде жоқтау айту-ұлттық дәстүрдің бір үлгісі.Қазақ халқының осы салт-дәстүрінен сыпайы әдебі мен жоғары мәдениеті көрініп тұрады.Қазіргі уақытта жоқтау жыры ұмытылып бара жатқаны өкінішті.Себебі қайтыс болған адам туралы, оның істеген ісі, бала-шағасына қалдырған үлгі-өнегесі мүлде айтылмайды.Тек «дауыс шығарып» жылағаны болмаса.
Зерттеу жұмысының нысаны
Қазақ халық ауыз әдебиетінің бір тармағы саналатын, тұрмыс-салт жырларының бірі – жоқтау жырларының шығу тарихы, зерттелуі, тәрбиелік мәні, жасалу жолдары мен этнолингвистикалық табиғатын ашу- зерттеудің нысанына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты жоқтаудың бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, қазіргі кездегі жоқтау өлеңдердің сипатын,тәрбиелік мәнін жоғалтып, жаттанды қара сөз түріне айналып бара жатқандығын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері
Ғылыми жұмыстың мақсат-міндеттеріне сәйкес тарихи-салыстырмалы, сипаттамалық зерттеу, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері
Бұл жұмыста қазақ халқының ауыз әдебиетінде жоқтау жырларының алар орны, оның этномәдениетпен сабақтастығы, ғалым-жазушылар еңбектері мен пікірлері қорытындыланып, жоқтау жырларына түсінік беріліп, жаңаша талдау жасалынды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы:
Зерттеу – кіріспеден, бір тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жоқтау өлеңдерін зерттеу
Оның бағасын беру - басты мәселенің бірі және уақыт талабы.Сондықтан осы жұмыста қазақтың жоқтау жырын негізге ала отырып, оларды талдап, бүгінгі күнмен байланыстырып, ғылыми жобаға ұсынуды мақсат еттім.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері:
- жоқтаудың жанрлық, тақырыптық қырларын ашу;
- жоқтаудың басқа салт-дәстүрмен сабақтастығын көрсету;
- жоқтау жанрының дамуына үлес қосқан ақындар,белгілі адамдар шығармаларынан мысалдар келтіру ;
- жоқтау өлеңдерінің тәрбиелік сипатын ашу;
- жоқтау өлеңдерінің табиғатын анықтап,тағылымын көрсету;

Ертеден келе жатқан салт өлеңдерінің бірі жоқтау екені белгілі.Ахмет Байтұрсынов: «жоқтау-өлген кісіні жоқтап сөйлеу.Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның әйелі, ия қызы,ия келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз.Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді."[1,308 б.], - деп түсініктеме береді.


Жоқтаудың тіпті сонау ежелгі дәуірлерде туғандығына куә боларлық ескерткіштер, тас жазбалар, эпостық шығармалар, ертегілер, шешендік сөздер бар.
Академик Ә.Марғұлан:"Жоқтау - әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй-ішінде, қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр. Жоқтау Орхан жазуларының түбегейлі аялғысы.Оның ең бір жарқын түрін Күлтегін, Бегре-тас жазуынан көруге болады"[648 ж.], - дейді
Осы реттен жоқтауды ежелгі заманда туған шер өлеңнің бірі деп қарастыруға әбден болады, өйткені өлген адамның әруағына сыйыну, жалбарыну, оны мақтап көтермелеу, аза тұтып, ризалықпен шығарып салу, ас беру, бетін жырту, жоқтау жыр айту-жерге, суға, күнге, көкке табыну тұсында туған. Адам өлсе де оның жаны тірі, ол біздің не айтып, не ойлап отырғанымыздың бәрін біледі, сондықтан оның әруағына тиетін сөздер айтпау керек. Айтылса болды, өлген адамның киесі атады, бір пәлеге душар етеді деп түсінген, міне, өлген адамды жоқтаудың мазмұны бірыңғай мақтауға құрылатын себебі осыдан. Жоқтаудың ішінде өлген адамды ардақтап, асыра мадақтайтынның белгісі мынау өлеңнен көрінеді:
Кешегі менің көкжалым,
Әруақ қонған жасынан.
Мың сан кісі жау келсе,
Алдына салып айдаған,
Айтқаны қате болмаған.
Атының басын бұрмаған,
Айбынын оның көрген жау,
Алдына қарсы тұрмаған.
Әділдігі сонша еді,
Адамзаттың баласын,
Өз ұлымен тең көрген.
Мырзалығы сонша еді,
Кәріп пенен қасырға,
Барлық малын таратқан,-дейді,[А.Диваев,Қазақ халқының жоқтау жырлары, том, 5-басылым,560-бет]
Жоқтау-өзінің негізі мотивінен аса көп ауытқымай айтыла беретін фольклордың бір түрі.Жоқтауда бұрынғы дәстүр бойынша айтылып келе жатқан жаттамалы жолдар да, жоқтау айтып отырған адамның жеке өз басының қайғысынан туған өлең шумақтарының да болуы мүмкін. Сөйтсе де жоқтаулар бір-біріне, негізінен, мотиві, ұйқасы, сөз байлығы, бейнелі, образды суреттері жағынан өзара ұқсас болып келеді. Бұған жоқтаудың әбден орныққан, тұрақтанған кейбір жолдары дәлел. Мысалы:
Бас-бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім,
Жапырағын жалпайтып,
Жарлыны алған осы өлім...
Қара бір шашым жаяйын
Жаяйын да, жылайын
[ М.Ж.Көпеев 27-бет]-деген жолдар ескілікті жоқтаудың көбінде кездесіп отырады.
Салт бойынша қазақ халқында қаралы хабарды естісімен жоқтау айтып, дауыс қылады. Ал, қарақалпақтарда, сондай-ақ Қазақстанның батыс бөлігінде жоқтауды кісіні жерлеген соң, сүйекшілер қайтып келіп, асын ішіп болған соң айтады. Жас адам қайтса, ертеңіне не болмаса 2-3 күн өткеннен кейін жоқтайды.
«Өмір бар жерде өлім бар» дейтін халқымыз қайтыс болған адамды дәріптеп еске түсірумен қатар оның көзі тірісінде еткен еңбегі мен жасаған жақсылығын кейінгіге үлгі ету мақсатында туындаған "жоқтау" дәстүрінің тамыры тереңге жайылған.
Қазіргі уақытта жоқтаудың бірте-бірте қалып бара жатқандығы бәрімізге аян. Қайтыс болған адамның өткен өмірін, кезінде жасаған істерін, тіпті болмаса жан сүйсіндірер жақсы мінезін де айтпай, жай ғана "дауыс шығарып" жылауды ғана білеміз. Жұмыстың негізді мақсаты жоқтау өлеңдерінің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстырып, қазіргі уақытта өз сипатынан айрылып, тәрбиелік мәнінің жоғалып бара жатқандығын ашып көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет