Алакөл мемлекеттік қорығында экологиялық туризмнің даму жолдары



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі127,72 Kb.
#5018

УДК 631.4 (075.8)

АЛАКӨЛ  МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОРЫҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ 

ЖОЛДАРЫ

Канагатова А.У.

Техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.

В   работе   рассмотрен  природный   потенциал   Алакольского   государственного

заповедника   для   развития   экологического   туризма   и   описаны   основные   экологические

маршруты 

Бұл жұмыста Алакөл мемлекеттік қорығының экологиялық туризмнің даму үшін

табиғи потенциалы және экологиялық маршруттардың сипаттамасы қарастырылған

The   article   considers   natural   potential   of   Alakol   State   reservation   for   further

development of ecological tourism anddescribes basic ecological routes

Кілттік сөздер: экологиялық туризм, экологиялық база, орнитология, ландшафт.

 

Экологиялық   туризмнің   әлеуметтік   мағынасы   қоғам   өмірі   үшін   қоғамның



психофизиологиялық   орнығуы   және   адамның   жұмысқа   деген   қабілеті;   бос   уақытын

қолдануы; жұмыс орнын құру және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету; жергілікті

тұрғындардың   мәдениетіне   әсері;   жұмысшылардың   табысын   қамтамасыз   ету,   оның

қоршаған ортаға қамқорлығы мен қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Алакөл   қорығы   Алматы   облысының   Алакөл   ауданының   аймағында   орналасқан.

1998 жылы құрылған ең жас қорық. Көлемі 73,3 мың га. Қорық солтүстігінде Тарбағатай,

шығысында   Барлық   пен   Майлы,   оңтүстігінде   Жоңғар   тау   жоталарымен   қоршалған.

Батыста   Балқаш   көлі   ойысымен   шектелсе,   оңтүстік-шығысында   Жоңғар   қақпасына

тіреледі. 

Көл Қазақстанның ішкі су айдындарының арасында көлемі жөнінен екінші және

республиканың ақпай келіп қосылысқан көлдерінің арасында бірден-бір терең сулы көл

болып табылады. Көлдің жағасы бірегей – қара ұсақ жұмыр тастардан тұрады. Көл суы

күкіртті сутек қоспасы бар батпақты, минералды тұздарға қаныққан, даланың таза ауасы.

Алакөл   ауданы   қолайлы   климаттық   аймақта   орналасқан.   Аудан   аумағында   Тентек,

Шынжалы,   Жаманты,   Қызылтал,   Ырғайты   өзендері   бар.   Барлық   өзендер   бастауын

жоғарғы таулардан алады, сондықтанда тау өзендері болып табылады. Олардың бәрі де

Алакөлдің   көлдер   жүйесін   –   Алакөлді,   Қошқаркөлді,   Сасықкөлді,   Қоржынкөлді   және

Жалаңашкөлді   қоректенеді.   Оның   аумағына   Алакөл   көлдерінің   сулы-батпақты

пайдаланатын   жерлері,   Сасықкөлден   бөлінген   учаскелер,   Аралтөбе   және   Шұбартүбек

аралдары кіреді. Алакөл – жануарлар дүниесінің бірегей әсемдігі мен байлығы бойынша

Алакөл көлдерінің тізбегіндегі ең үлкен көлдің бірі. Алакөл ауданының жануарлар мен

өсімдіктер дүниесі де әр алуан, құстардың 339 оның 203 – ұя салатындар. Алакөл қазан

шұңқырының   қыстық   құстар   фаунасын   116   түр   құрады.   Алакөл   қорығының   қазіргі

шекараларында құстардың 269 түрі белгілі, соның ішінде Тентек дельтасында – 263 түр

(119   –   ұя   салатындар)   және   Алакөл   аралында     -   88   түрі   (48   –   ұя   салатындар)   кіреді.

Сүтқоректілердің     33   түрі,   балықтардың   17   түрі,   суда   тіршілік   ететіндері   –   2   түр,

қосмекенділердің   –   10   түрі,   омыртқасыз   жануарларға   13   отрядының   ішінде   88   түрі

тіркелген.  Алакөл-Сасық көлдер жүйесінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген 38 түрлі

құстар   кездеседі   оның  15   түрі   ұялаған,  ХТҚО-ң   /МСОП   /   Қызыл   кітабына     енген

құстардың 25 түрі таралған, оның 12 түрі ұялаған.  Бұл құстарды зерттейтін орнитолог,

эколог ғалымдарға және оның жанашырларына экотуризм өткізу үшін жақсы мүмкіндіктер

береді.   Сондай-ақ   бұл   жерлерде   арқарлар,   тау   ешкілері,   аюлар,   барыстар,   қасқырлар,

қарсақтар,   түлкілер   мен   қояндар   да   көптеп   кездеседі.   Көлдің   балық   байлығы   дегенде:

сазан, ақ амур, тұқы, жуанмаңдай, алабұға, көксеркені айтуға болады [1]. 



Алакөл-Сасықкөл   -   өзендер   жүйесі   үлкен   туристік   болашағы   бар   ландшафтты

биологиялық территория. Экологиялық туризмді дамытуда 1998 жылы ұйымдастырылған

Алакөл мемлекеттік қорығы үлкен рөл атқарады. Аумағы 20 мың гектардан астам аумақты

алатын   бұл   қорықтың   жері   сулы-батпақты.   Алакөл   көлінің   жағасында   көптеген   қонақ

жайғасатын үйлер, демалыс аймақтары, пансионаттар мен туристік базалар орналасқан.

Жабық аймақта тұрған 5 кордоны бар. Олар  Қарамойын, Байбала, Көкпекты, Тоғызтүбек,

Тұйықсу.  Сондай-ақ 210 экспонат түрлері жайғасқан Ернар Әуезов атындағы мұражайы

бар. Қазіргі уақытта «Жанды табиғат» деп аталатын залы жұмыс істейді. 

Алакөл көлінің жағасында көптеген қонақ жайғасатын үйлер, демалыс аймақтары,

пансионаттар   мен   туристік   базалар   орналасқан.   Соның   ішінде,   200   орынды   «Жалын»

лагері, 60 орынды «Шағала» лагері, 50 орынды «Көктұма» профилакториясы, 40 адамға

арналған   «Арктур»   демалыс   базасы,   «Алакөл   тур»,   «Райхан»,   «Тастыбұлақ»   демалыс

үйілері жалпы алғанда 1350 адамға есептелген жеке қонақүйлер тізбегі бар. Олардың бәрі

де   Алакөл   көлінің   жағасына   орналасқан.   Тоқжайлау  өңіріндегі   «Қайыңды»   лагері   бір

демалыс маусымына 80 адамға дейін қабылдай алады. Жанұялық демалу үшін туристерге

арналған барлық қажетті жағдай жасалған коттедждер  бар кесте 1.

Кесте 1.  Алакөл мемлекеттік қорық бойынша туристік объектілер

Атаулары


Тұрған орны

Қызметтер

«Шағала»

 

сауықтыру



лагері(72877) 2-15-07

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Спорт   қалашығы,   қолайлы   жаға-

жайлар.

«Алакөл»өзеніндегі   қонақ



үйлер (72877) 2-16-33

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Жағалауда   демалу,   жаға-жай,

бильярд, сауна, үстел теннисі. 

 «Жалын»  лагері

Алакөл   ауданы,

Акши ауылы

10-15   орындық   6   коттедж,   2-ден   6

орынға   дейін   мейманхана,   спорт

алаңы, бильярд, бар, кафе

«Арктур» демалыс базасы,

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Атқа отыру, бильярд, боулинг, сауна.

Алакөл тур» демалыс үйі

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Сауна,   бильярд,   кинозал,     жаяу

серуендеу.

«Тастыбұлақ» демалыс үйі

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Көлдің   жағасында   демалу,

бильярд, спорттық алаңдар

«Райхан»,

демалыс үйі

Алакөл   ауданы,

Акши ауылы

Атқа отыру, бильярд, боулинг, сауна,

жаяу серуендеу

«Көктұма» профилакториясы

Алакөл   ауданы,

Көктұма ауылы

Аурулардың   барлық   түрін   емдеу.

Емдік батпақ (алып келінген), емдік

душ   және   ванналар,     мануалдық

терапия, уқалау.

«Қайыңды» лагері

Тоқжайлау

өңіріндегі

80 адамға дейін қабылдай алады.

Спорт   қалашығы,   қолайлы   жаға-

жайлар


Өңірдің ерекшелігі көлдердің минералдануының қанықтырылуымен, яғни тұщыдан

тұздыға, әлсіз сілтіліктен родондылыққа (радиоактивтілікке) жетуімен түсіндіріледі, әрине

бұл   жағдай   олардың   емділік   қасиеттері   туралы   баса   айтуға   мүмкіндік   береді.   Мұндай

артықшылықтар   бұл   суларға   ғана   тән,   өйткені   оларда   кремнийдің   үлкен   құрамы   мен

бактерицидтік   тиімділікке   ие   болатын   ұсақ   жұмыр   және   қиыршық   тастар   сияқты   су

тұтқыш материалдар жеткілікті [2].

Туристік бағытта, дәлірек, жағажайлық туризмде, ерекше сұранысты Ақшы және

Көктұма   елді   мекендері.   Көктұма  ауылы   курортты   қалашық   рангіне   талаптануы   әбден

мүмкін. 


Алакөл ауданы бойынша, ал Ұржар ауданы бойынша Қабанбай ауылы сұраныста.

Оған қоса ауданда демалыс орындары және туристік, денсаулыққа пайдалы батпақ бар

және   шет   елдер   туризмдік   аңшылыққа   арналған   жерлер   және   т.б.   туристік   бағыттар

дамыған.   Емдік   батпақтар   Арқарлы   ауылдық   округінің   «Коссор»   учаскесінде   және

Ақтүбек   ауылдық   округінің   «Шұбартүбек»     учаскесінде   бар.   Көл   жағалауын   дамыту

құрылыс салудың бас жоспары бойынша жүзеге асырылады, бұл болашақта экономиканың

жоғары табысты саласы болуымен бірге ауданда туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай

жасайды. Алакөл ауданында қазақстандықтардың демалуға деген құқығын іске асырудың

негізгі   және   әлеуметтік   қызметтер   нарығын   дамытудың   басты   факторларының   бірі   -

әлеуметтік   туризмді   оның   ішінде   балалар   туризмін   дамыту   маңызды   аспект   болып

табылады [3]. 

Ауданда   бірлескен   кәсіпорын   «Азия   Сафари   Сервис»   жауапкершілігі   шектеулі

серіктестігі   жұмыс   істейді.   Бұл   фирманың   негізгі   мақсаты   туризм   саласындағы

халықаралық тәжірибені енгізу және іске асыру, шетелдік аң аулауды және экономикалық

туризмді дамыту болып табылады. Фирмаға аң аулайтын жерлер бекітіліп берілген және

ол бекітілген аумақта шаруашылықты ұйымдастыру жөніндегі шығындарды және әлемдік

стандарттар деңгейінде инфрақұрылымды ұстау және дамыту жөніндегі барлық қажетті

бағдарламаларды қаржыландыру өз мойнына алады. 

Туризмнің   мемлекеттік   реттеуге     жаңаша   келу   жағдайындағы   мақсаттары   мен

маңызды   міндеттері   туристік   қызметті   жүзеге   асырудың   өзгерген   әлеуметтік-

экономикалық жағдайларға, ұстанымдар мен міндеттерге жауап беру, туризм саласындағы

мемлекеттік басқарудың рөлін күшейту, атқарушы  органдар мен ұйымдардың арасында

өзара   әрекеттесуді   реттеу,   Алакөл   ауданында   туризмді   дамыту   базасын   жетілдіру,

туризмнің   инфрақұрылымын   дамыту   болып   табылады.   Қазіргі   уақытта   шағын

кәсіпкерлікті   дамыту   қамтамасыз   етілуде,   халықтың   туризм   және   қызмет   көрсету

саласындағы жұмыс бастылығы ынталандырылуда.

Алакөл -  көптеген тері ауруларын емдеуге  ықпал ететін суында теңіз құрамы бар

көл, қозғалтқыш-сүйеніш аппаратына, жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді, организмнің

жалпы жағдайын жақсартады. Мұнда   демалыс маусымында демалушылар тек еліміздің

басқа өңірлерінен ғана емес, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерден де келеді. Алакөл

ауданының   кәсіпкерлік   бөлімінің   мәліметтері   бойынша   өткен   жылы   көлде   16   мыңдай

туристер демалды, ал биылғы жылы олардың саны 18 мың адамды құрау керек.

Қазіргі уақытта Алакөл қорығында 5 туристік маршруттар дайындалған.

№1   маршрут  –  көлікпен   –жаяу   түрде   және   қайықпен     жүру.   «Қара   мойын»

кордонында екі күндік түнеу немесе шатырда түнеу. Бұл кезде мұражайда, қысқы бақта,

дендропаркте   болу   және   қорықпен   танысу.  Көлік   маршруты   Сасықкөл   көлін   жағалай,

дуадақтар,   әдемі   тырналар   мекендейтін   жерлермен   өтеді.   Ұзындығы   –   130   шақырым

қосымша .

№   2   маршрут  –   екі   күндік.   Алакөл   көлінің   батыс   жағалауына   ұзындығы   140

шақырым   жол   жүруу,   одан   әрі   катермен   Үлкен,   Аралтөбе   аралдарын   сумен     жүру,

ұзындығы   80   шақырым.   Құрып   бара   жатқан   шағалалардың,   қара   басты   күлегештердің

және басқа да сирек құстардың мекендерімен танысу қосымша .



№3   маршрут  –  үш   күндік.   Катермен:   «Ақши-   Алакөл   көлінің   Солтүстік-Батыс

жағалауы, Алакөл көлі –Шұбартүбек көлі» маршруттары бойынша жол жүру, бұйра және

қызғылт   көкқұтандардың,   қара   басты   күлегештердің,   үлкен   саз   құсының   және

басқалардың мекендерін байқау. Одан әрі жағалауды бойлай «Қоянның ерні» шығанағына

дейін бару. Көлікпен маршрутта Қошқар көлі, Қоржынкөл көлдерін бойлай «Тоғызтүбек»

кордонына дейін жалғастыру. Сондай-ақ су жолы маршрутын қайықпен Тентек өзенінің

сағасымен Сасықкөл көліне, Аралтөбе түбегіне дейін жеткізу. Суда жүзетін және судың

жанындағы құстардың тіршіліктерін қарау. Туристердің тілектеріне орай жартасты шоқы

бойынша жаяу серуендеу. Ұзындығы – 40 шақырым қосымша.


№4   маршрут  –   шөл   даламен   жол   жүру.   Жол   сапар   2   күнге   есептелген.

Автокөлікпен   Үшарал   қаласынан   Арқарлы   поселкесіне   дейін,   одан   әрі   Сарықұмның

құмдары   арқылы   Арғанаты   тауларына   дейін   жол   жүру.   Шөлдегі   жануарлар   және

өсімдіктер   дүниесімен   танысу.   Әдемі,   көркем   шатқалдың   ішіндегі   бұлақтың   түбінде

кішігірім вагонда немесе шатырда түнеу. Одан әрі азайып бара жатқан Тораңғы тоғайын,

құм төбелерді, сексеуіл  орманын барып  көру. Арқарлар,  ақбөкендер  басқа  да қызықты

жануарларды байқау. Ұзындығы – 280 шақырым қосымша.

№5   маршрут  –  таудағы   маршрут.  Автокөлікпен   жол   жүру,  жол-жөнекей   Тентек

өзенінің   арнасына   соғып,   плотинаны,   таудағы   Жасылкөл   көлін   көру,   Тоқжайлау

шатқалының биік тау алқабындағы көгалдарға көтерілу. Бұл маршрут бойынша биік тау

алқабындағы,   жануарлар   мен   өсімдіктердің   альпілік,   субальпілік   және   таулы-далалық

дүниесін байқауға болады.  Ұзындығы – 190 шақырым қосымша [4]. 

Сонымен бірге қазіргі уақытта 5 экологиялық маршрут өңделген:

1.

№1   орнитологиялық   маршрут   –   «Алакөл   қорығының   бірегей   флорасы   мен



фаунасы». Орналасқан жері «Байбала» мекені.

2.

№2 таулы маршрут «Жоңғар Алатауында», орналасқан жері – «Жаманты» мекені



және 

3.

№3 сулы орнитологиялық маршрут «Реликті шағаланы сақтайық», орналасқан жері



«Қандыарал» және «Аралтөбе» аралдары.

4.

№4 орнитологиялық маршрут – «Алакөлдің лагуналы көлдері», орналасқан жері –



«Онағаш» мекені 

5.

№5 таулы  маршруты  – «Қызылқайық шатқалы», орналасқан жері  – «Шипажай»



және «қызылжай» мекені.

Кесте 2. Алакөл мемлекеттік қорық бойынша туристік маршруттар

Туристік

маршруттарды

ң аты

Турдың   түрі



ерекше

жағдайы


Маршрутқа   енгізілген

ерекше объект

Жыл-

жу

тәсілі



Ұзы

нды


қ

Орналаса-

тын жер

«Қара   мойын»



кордонын-

да

Танымдық-



экологиялық

Сасықкөл көлін жағалай,

дуадақтар,

 

әдемі



тырналар   мекендейтін

жерлер.


көлікпе

н –жаяу


1-2

Аңшылық


үйлер

Алакөл көлі

Ғылыми-

экологиялық



Алакөл

 

өзені-



ШұбартүбекАралтөбе

(реликті   шағалалар,   құс

ұялары)

Су

1-2



Аңшылық

үйлер


Алакөл

қорығы


бойынша

орнитологиялы

қ турлар 

Танымдық-

экология-лық

Үштөбе   қ.,   Ақши   п.,

Алакөл көлі, Орта, Үлкен

және Кіші аралдар, Арал-

төбе,

 

Шұбартүбек,



Сасықкөл көлі, Тентек ө.

шатқалы


Авто-

транс-


порт-

тық,


қайық

1-

ден



2-ге

дейі


н

Қонақ


үйлер

Үшарал


қаласынан

Арқарлы


поселкесі

Танымдық-

экология-лық

Сарықұмның   құмдары

Арғанаты таулары

Автотра


нспортт

ық, 


1-2

Кішігірім

вагонда

немесе


шатырда

түнеу


Тентек   өзені

Жасылкөл


көлі,

Тоқжайлау

Таудағы

маршрут


Тау

 

алқабындағы,



жануарлар

 

мен



өсімдіктердің   альпілік,

субальпілік.  

Автотра

нспортт


ық,

1-2


Аңшылық

үйлер


шатқалыны

Алакөл шұңқыры бойынша бес туристік маршруттардың тек екеуі ғана қорықтың

аумағымен өтетін болады. Сирек құстардың ұялық мекендерінің рекреациялық жүктемесін

мейлінше   азайту   мақсатында   байқау   жағалауға   шықпай   тікелей   катерден   жасалатын

болады. Жұмыртқаларды басу кезінде ұя салу орындарын барып көруге рұқсат етілмейді.

Медициналық көмек көрсету пункті маршруттан 20-25 шақырым жерде орнаған. Барлық

кордондар алғашқы көмек көрсететін жеке кішігірім дәріханалармен қамтамасыз етілген,

орталықпен   (офиспен)   тұрақты   радиоэлектрондық   байланыс   бар.   Барлық   маршруттар

бойынша   туристерге   қызмет   көрсетуші   мамандар   еріп   жүреді.   Ағылшын   тілін   білетін

ғылыми қызметкер бар [5].

Сондай-ақ   Сасықкөл   көлінің   де   рекреациялық   әлеуеті   зор.   Бас   мамандардың

ұйымдастыруымен  бес   экомаршрутты  дәмелендіріп  отыр. Туристер  жер  бетінің  көрікті

көріністерінен   ләззат   алып,   ормандар   мен   Жоңғар   Алатауының   биік   тау  алқабындағы

көгалдармен   танысу   үшін   жаяу   немесе   аттармен   бірегей   табиғат   аумақтары   бойынша

саяхат жасай алады.Үшінші көл – Жалаңашкөл. Оның шығыс жақ беткейдегі жағалауында

тораңғы тоғайлары, батысында Гоби құмы үлгісіндегі қуаң дала жатыр. Су айдынының

ғажайыптары   суының   минералдарға   қанықтылығында.     Суы   –   тұщы   да   тұзды,   әлсіз

сілтіліктен  соң родонға  айналады.  Жағаларындағы  күкіртті  сутек  қоспасы  бар  батпағы

көптеген тері ауруларын емдеуге көмектеседі. 

Жетісу жері кім елді кезуді жақсы көріп, әлем туралы білуге ұмтылса, ең талғампаз

саяхатшының өзін де ықылассыз қалдырмайды, өйткені оның қойнында талай қызығарлық

тылсым   сырлар   жатыр.   Біздің   өлкемізде   демалыс   өткізу   әрқашанда   толық   бағалы   да

мағыналы, жол жүру еліктіріп әкетерліктей, соған қарай алатын әсерлер де ұмытылмастай

болады.


ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

Сергеева Т.К. Экологический туризм: Учебное пособие. Алматы., 2004. С. 52



– 66

2.

Аветисян Р.М., Березовиков Н.Н., Рачковская Е.И., Султанова Б.М., Данько



Е.К., Алишев К.С. О необходимости придания озеру Жаланашколь (Алакольская система

озер,   Юго-Восточный   Казахстан)   статуса   особо   охраняемой   природной   территории   //

Состояние и перспективы сети охраняемых территорий в Центральной Азии. Ташкент,

2004.


3.

Зорин И.В., Штюрмер Ю.А. Туризм и охрана окружающей среды. М., 2004.

С. 18 - 45.

4.

Веденин Ю.А. Динамика территориальных рекреационных систем. Алматы,



2004. С. 14 - 15. С. 67 - 89.

5.

Толганбаев С.А., Анисимов Е.И., Березовиков Н.Н. Значение Алакольского



заповедника   в   сохранении   регионального   биоразнообразия   фауны   позвоночных

животных   //   Зоологические   исследования   в   Казахстане:   современное   состояние   и



перспективы. Алматы, 2002. С. 160 - 162. 

Document Outline

  • УДК 631.4 (075.8)
  • Канагатова А.У.
  • Техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр
  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет