Қалқанша безі ауыратын науқасты радиоиммунды анализ әдісімен зерттеген, қан сарысуында тироксин Т



бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі87,77 Kb.
#110994
1   2   3   4
7Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді.
1. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі?
- Гипоосмолялдық гипогидратация
2. Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын негіздеңіз
- Сұйықтық азайып, жасуша бүріседі
3. Шөлдеуді басу үшін тұзсыз су қабылдауға бола ма?
- Гипоосмолялдык гипогидратация. Себебі ыстық цехта жұмыс жатқандықтан организм сусызданған, сол үшін тері құрғап бөлінулер болды. Шөлді басу үшін таза қоспасыз тұзсыз су ішу керек.
№ 8Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
1. Дамыған жағдайларды патогенездік едеу әдісін ұсыныңыз
- Ағзаға су жетіспеген соң, ағзаға су түскеннен гиперосмолялдық гипогидротация дамыған. Сусыздану кезінде организде құрғақшылық болады, судың тапшылығының тіпті организмге кей бір витаминдер жетіспейді.
№ 9. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен сырқаттанған науқаста остеопороз (сүйек тіні массасы азайған) анықталды, қан плазмасында кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз дамығандығы анықталды.
1. Науқастағы остеопороз бен ацидоздың даму тетігі қандай?
  • Бұл жерде иондық алмасуы дұрыс жұмыс жасамайды, газдық емес ацидоз салдарынан қышқыл мөлшері көбейген. Бүйрек ауруы болып тұр. Тіндер қышқылды өзіне сіңіріп, кальцийді қанға жібереді. Сол ушін сүйекке кальций бармай сүйек салмағы төмендеген. Иондық алмасу болған соң мұнда остеопороз диагнозы.


10. Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді.


1. Аурудың болжам диагнозын қойыңыз. Қантты диабет (инсулинге тәуелді). Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет? - Қанды – глюкозаға(4,6 – 6,0) – бүйрек межесінен асса, мочевинаға(3,3-6) белоктардың амин тобы айналады, жалпы белокқа(65-80) – АҚ жасушаға енуі бұзылып, олар ыдырауы артады, кетонденелеріне зерттеу- майлардың тотығуының бұзылыстарынан. 2. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз - Инсулин жеткіліксіздігінен қанда глюкоза деңгейі артады. Гексокиназаферм-ң жеткіліксіздігінен глюкоза тотығуы тежеліп, б.е.-де АТФ азайып, оларда әлсіздік, аралық өнімдерінің бауырға тасымалдануы бұзылуынан, олар сонда жиналып, ауыру сезімі болады. Глюкозаның қандағы деңгейі бүйрек межесінен асса, ол несеп арқылы шығарыла бастайды, өзімен көп мөлшерде суды да ала шығады. Осыдан диурез артып, полиурия, болады, судың азаюынан шөлдеу сезімі мен ауызда құрғау болады. Глюкоза энергиясының орнына май эн-ы пай-ды, липолиз артады, адам азады. Ақуыздардың син-ң орнына ыдырауы артады, сондықтан иммунды жүйенің ақуыздары жеткіліксіздігінен (антиденелер, комплемент ж/е т.б.) микроорганизмдерге сезімталдығы артып, әртүрлі қабыну ошақтары пайда болады.
11. Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 10 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықеттонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы-100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 20% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды. 1. Науқаста қандай жағдай дамыды? - Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия. 2. Бұл науқаста қантты диабеттің қандай клиникалық түрі дамыған?
- Қантты диабеттің екінші деңгейі
12. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады? Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
- Ишемия – артериялық тамырлармен қанның ағзаға келуі азаюдан қанайналымның бұзылуы
2. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
- Артериялық қан тамырлардың сырттан қысылып қалуынан, ішінен тробм кесірінен бітеліп қалуынан науқаста ауырсыну сезімдері, аяғының жансыздануы, терісі құрғап бозаруына, парентезияға шағымданды
13. Жүрек жеткіліксіздігімен жапа шегетін науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақтамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығыанықталды.
1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралыайтылған?
- Веналық гиперемия – көктамырлармен қанның жүрекке ағуы бұзылудан, көктамырдың тромбпен бітеліп қалуынан.
2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
- Веналарда қан жиналуынан ісіну пайда болды, венағабайланысты цианоз (венаның түсіне юайланысты яғникөмірқышқыл газын тасымалдағандықтан түсі көк)
№ 14. Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғындакүйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсиндіқабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.
1. Қай қоян өлді және не себепті?
- Қабыну аймағына токсинді енгізген қоян өлім құшты. Себебі қабыну аймағына енгізілгенде токсин қоянденесіне тез тарап, қабыну мен токсин әсерлері бірігіпөлім жағдайына алып келді.
15. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.
1. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?
- Науқаста қанайналым бұзылысының веналық гиперемия түрі
2. Шеткері қанайналымының осы бұзылысының себебі не?
- Көктамырлармен қанның жүрекке алып кетуі бұзылды. Жүрек жеткілліксіздігі, көктамыр ішінде тромб салдарынан бітелу, сырттан көктамырдың қысылуы.
3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
- Қанайналым дұрыс жүрмегендіктен, қан мүшелерге дұрыс жеткізілмегендіктен, көктамыр ішінен бітелу пайда болғандықтан
4. Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?
- Гидростатикалық қысымды қалып келтіру арқылы қанайналымды қалыпқа келтіруге болады. Тромбтың канализациялануы, гидролиздік ферменттер әсерінен ыдырауы.
16. Науқас К., 20 жаста, жұтынғандағы ауыру сезіміне, басының ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің төмендегеніне, дене қызымы 38,8◦С-қа көтерілетіндігіне шағымданады. Көмейінен жағынды алып бактериологиялық тексергенде β-гемолиздік стрептококк анықталды.
1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?
- Қабыну үрдісі
2. Жалпы және жергілікті көріністерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?
- Жаплы көріністер: басының ауыруы, әлсіздік, дене қызымының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі.
- Жергілікті көрініс: жұтынғандағы ауыру сезімі.
3. Науқасқа қандай этиотропты және патогенездік ем қолдануға болады?
- Этиотропты емдеу: себептерін жою мақсатында антибиотик тағайындау.
17. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
- Асқын қызба.
2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?
- Температураның көтерілу сатысы
3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
- Қан тамырлары тарылады, бозару, тамыр соғу жиілігі, тәбеттің болмауы байқалады.
18. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды.
1. Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабынәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.
- Миокардта қан айналым бұзылысы болады, жылу өндіруартады, ал жылу шығару төмендейді соның салдарынандене температурасы көтеріледі.
2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?
- Температураның көтерілуінен ағзадағы бөгде заттары дырайды және сонымен маңызды.
19. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген.
1. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
- Қызым түсіретін дәріні қолдану қажет, себебі науқастың жасы үлкен, науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар және басқа ауыр салдар дамымау үшін дене температурасын түсіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет