Кіріспе орнына бұл шығармамды бала кезімнен сүйіп оқыған



Дата13.04.2023
өлшемі12,77 Kb.
#82435

КІРІСПЕ ОРНЫНА
Бұл шығармамды бала кезімнен сүйіп оқыған

қазақтың қайталанбас хас жазушысы

Бердібек Соқпақбаевтың рухына бағыштаймын

Қадірлі оқырман!

Сіз оқығалы отырған хиқаят – менің балалық шағым туралы баян.

Бұндағы оқиғалар қиялымнан туған қанатқақты дүниелер емес, осы жердің бетінде, осы елде менің шақшадай ғана басымнан өткен шырылдақ тағдыр.

Бұл шығарманы жазудағы мақсатым – екеу.

Біріншісі – мына ұланғайыр Отанымыздың бір түкпірінде менімен тағдырлас бала болса, осы хиқаятты оқысын. Балалық шағының әр күні ауыр өтіп жатса, бұл күйзеліске толы күндердің өтетінін білсін. Алда оны тек сәулелі, шуақты күндер күтетінін ұғынсын. Ол болашақта жеңімпаз болатынына, өз тағдырының қожасы болатынына шүбәсі болмасын деп жаздым.

Екіншіден, бұл хиқаятты жетім баланы бауырына басып, тәрбиелеп отырған үлкендерге арнадым: балаға мейірімді болыңыздар, ағайын! Жылы сөздеріңізді аямай, жылы қабақ танытыңыздар жаутаңкөз тағдырларға!

Әлқисса, бұл туындыда аты аталған кейіпкерлер – өмірде болған және дәл қазір сау-саламат ғұмыр кешіп жатқан жақсы адамдар. Мен осы шығарманы жазу барысында бір кейіпкерімді жақсы жағынан көрсетіп, екіншісін әжуалап жамандауды мақсат еткем жоқ. Керісінше, басымнан кешкен оқиғаларды, бүлдіршін кезімнен жадымда сақталған үзік-үзік естеліктерді өмірсүйер һәм әдебиетсүйер қауымға жеткізгім келді.



Әгәрәки, осы хиқаятта аты аталған кейіпкерлердің туған-туыстарының, құда-жекжаттарының, жора-жолдастарының, бала-шағаларының намысына тиіп кетсем, ол оқырмандары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет