13. Жүрек жеткіліксіздігімен жапа шегетін науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақтамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығыанықталды.
1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралыайтылған?
- Веналық гиперемия – көктамырлармен қанның жүрекке ағуы бұзылудан, көктамырдың тромбпен бітеліп қалуынан.
2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
- Веналарда қан жиналуынан ісіну пайда болды, венағабайланысты цианоз (венаның түсіне юайланысты яғникөмірқышқыл газын тасымалдағандықтан түсі көк)
№ 14. Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғындакүйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсиндіқабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.
1. Қай қоян өлді және не себепті?
- Қабыну аймағына токсинді енгізген қоян өлім құшты. Себебі қабыну аймағына енгізілгенде токсин қоянденесіне тез тарап, қабыну мен токсин әсерлері бірігіпөлім жағдайына алып келді.
№ 15. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.
1. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?
- Науқаста қанайналым бұзылысының веналық гиперемия түрі
2. Шеткері қанайналымының осы бұзылысының себебі не?
- Көктамырлармен қанның жүрекке алып кетуі бұзылды. Жүрек жеткілліксіздігі, көктамыр ішінде тромб салдарынан бітелу, сырттан көктамырдың қысылуы.
3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
- Қанайналым дұрыс жүрмегендіктен, қан мүшелерге дұрыс жеткізілмегендіктен, көктамыр ішінен бітелу пайда болғандықтан
4. Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?
- Гидростатикалық қысымды қалып келтіру арқылы қанайналымды қалыпқа келтіруге болады. Тромбтың канализациялануы, гидролиздік ферменттер әсерінен ыдырауы.
№ 16. Науқас К., 20 жаста, жұтынғандағы ауыру сезіміне, басының ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің төмендегеніне, дене қызымы 38,8◦С-қа көтерілетіндігіне шағымданады. Көмейінен жағынды алып бактериологиялық тексергенде β-гемолиздік стрептококк анықталды.
1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?
- Қабыну үрдісі
2. Жалпы және жергілікті көріністерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?
- Жаплы көріністер: басының ауыруы, әлсіздік, дене қызымының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі.
- Жергілікті көрініс: жұтынғандағы ауыру сезімі.
3. Науқасқа қандай этиотропты және патогенездік ем қолдануға болады?
- Этиотропты емдеу: себептерін жою мақсатында антибиотик тағайындау.
№ 17. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
- Асқын қызба.
2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?
- Температураның көтерілу сатысы
3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
- Қан тамырлары тарылады, бозару, тамыр соғу жиілігі, тәбеттің болмауы байқалады.
№ 18. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды.
1. Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабынәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.
- Миокардта қан айналым бұзылысы болады, жылу өндіруартады, ал жылу шығару төмендейді соның салдарынандене температурасы көтеріледі.
2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?
- Температураның көтерілуінен ағзадағы бөгде заттары дырайды және сонымен маңызды.
№