71
1869 жылы 17 қаңтарда танымал француз лингвисі Жюль Опперт
Францияның нумизматика және археология қоғамының отырысын-
да Қосөзен жерінен табылған көптеген саз кітапшаларының шумер
жәдігерлері екенін мәлімдейді. Уақыт өте, лингвисттер де шумерлер
туралы деректі қолдайды. Бұл кезге дейін зерттеушілер арасында
шумер мәтіндерін Ежелгі Вавилондікі деген пікірлер басым бола-
тын. Арнайы әдебиеттерде шумерлердің
Қосөзен аймағына келген
уақыты жуық шамамен б.д.д. ІV мыңжылдық соңы деп белгіленеді.
Осы тарихи дәуір әдебиеттерінің сырын толық ашу мүмкін
болмағандықтан, мамандар көп жағдайда қолдағы бар мәліметтер
археологиялық қазба жұмыстарына сүйенеді.
1871 жылы Арчибальд Генри Сайс алғашқы шумерлік мәтін –
Шульга патша жазуларының бірін жариялайды. Екі жылдан кейін
Франсуа де Ленорман жіті зерттелген шумер грамматикасын және
жаңа мәтіндер қосқан өзінің «Аккадтық зерттеулер» еңбегінің
бірінші томын жарыққа шығарады. 1889
жылдан бастап ғылыми
әлем шумерологияны дара ғылым саласы ретінде мойындап, «шу-
мерлер» атауы осы халықтың мәдениетін, тілін, тарихын белгілеу
үшін қабылданады.
Шумерлердің адамзат жадынан ерте өшірілгені сонша, олар жай-
лы грек жылнамашылары еске алып, мәлімет бермейді. Қосөзен ту-
ралы ежелгі деректердің бірінде де шумерлер туралы сөз болмайды.
Тек Інжілде айтылатын Авраам елін алғашқы құлшына іздегендер
ғана халдейлер қаласы Ур туралы мәлімдейді. Вавилон мен Асси-
рияны іздеген зерттеушілердің шумерлер туралы түсінігі болмай,
олардың қалдырған ескерткіштеріне кездейсоқ кезігеді.
Тарихи
дәуірде Қосөзен мәдениетін алғашқы зерттеушілердің ешқайсысы да
оның тамырының тереңге кететінін білмеген еді.
Аңыздық наным-сенімдерінде шумерлер аспаннан түскен жұм-
бақ тіршілік иелерінің адамды жасағанын жеткізеді. ...Алғашқы кезде
осы жан иелері өресіз, жабайы болады. Тек Құдайлардың қайта ара-
ласуы нәтижесінде ғана мәдениет жетістіктерін, жазу өнерін игереді.
Шумерлер жазуларын саз тақтайшаларға жазып, суреттерін
дөңгелек мөрлерге салған. Соңғы жүз елу жыл шамасында шумер-
лер қалаларының орынынан археологтар көптеген астрономиялық,
математикалық мәтіндер мен суреттерді тапты. Олардың арасында
күрделі математикалық еңбектер, күрделі кескіндердің, пішіндердің