6
ЕЖЕЛГІ МЫСЫР
Ежелгі Мысыр қоғамы жан-жағын сұрқай шөл басқан, ені үш
шақырымнан жиырма шақырымға дейін жететін Ніл өзенінің жа-
сыл желек жамылған аңғарында қалыптасқан.
Жерорта теңізіне
құяр жерінде тармақталып кететін өзен мыңдаған жылдар бойы
сумен араласып келген тропикалық өсімдік қалдықтары, ығынды
көкөніс тоспаларымен теңіз атырауын толтырады. Олар даладағы
табиғи тыңайтқышқа айналып, егін өніміне әсерін тигізіп,
тіршілікке қолайлы «жасанды» мекенді өмірге әкеледі. Міне, осы-
дан да
болар, ежелгі грек тарихшысы Геродот Мысырды «Нілдің
сыйы» деп атайды.
Ежелгі мысырлықтар Ніл өзенін жағалай созылған екі тау
тізбегінің ортасында орналасқан өз елін Та-Кемет – «Қара Жер» деп
атаған. Осы жерге келген өзге ел адамдарының: «неге Қара Жер?»
деген сұрағына, «Қара – құнарлы жер, ал «Қызыл Жер» – аңызақ
жел, ыстық аптап соққан таулы қыраттардың екінші жағы. Шөл
дала – ажал ұрығын сепкен зұлым Сеттің патшалығы. Өмір «Қара
Жерде», жасыл желек жамылған аймақта», – деп үлкен ыждаһатпен
жауап берілген.
Өзен құдайы қайырымды Хапи – беліне балықшы алжапқышын
байлаған ересек ер адам, Нілдің қожасы, су тасқынының әміршісі.
Ол әрбір жыл сайын өзен суын кең далаға жайылуға мәжбүр етеді; су
қайтқан кезде егіс алқабында құнарлы қалың шөгінді қалады. Осы
Та-Кемет жерін жанды қара түске батырады... [1. 26-б.].
Ніл өзенінің аңғары бірде суы тасып, ернеуінен асқанда шалғынды,
шұрайлы жерге, енді
бірде су деңгейі көтерілмей, күн күйдірген
жансыз, сағым ойнаған маң далаға айналады. Егін шаруашылығы
болмаған бастапқы кезде өзен бойында мал шаруашылығымен
айналысқан көшпенді тайпалардың өмір сүргені жайлы деректер бар.
Археологиялық қазба жұмыстары ежелгі Мысыр қоғамының,
мәдениетінің қалыптаса бастауы – энеолитке,
тас-мыс дәуіріне
сәйкес келетінін көрсетеді. Осы кезде өзен бойы құнарлы, егін
шаруашылығына тиімді, халық тығыз қоныстанған қасиетті мекен
болған.
Б.д.д. V-ІV мыңжылдықтар шамасында осы өзен аңғарына
белгісіз бір халық келіп қоныстанған. Зерттеушілер еңбектерінде
7
бұлар, азиялық семит тайпасының бір бөлігі болуы мүмкін деген жо-
рамал жасалады. Табиғат тануда, оны игеруде үлкен жетістікке жет-
кен осы адамдар құрғақшылықтан сақтану жолдарын қарастырып,
жасанды суландыру жүйелерін жасайды, жетілдіреді.
Тасыған
өзен суын тоқтату жұмыстарымен айналысады, суы мол жерден
егіншілікке қолайлы басқа өңірлерге арықтар тартылады. Жер
өңделіп, су бөгейтін жасанды тоғандар салынады,
құрылыстар
тұрғызылады.
Тарихшы Д.И. Иловайский өзінің «Древняя история. Средние
века. Новая история» кітабында осы ел тұрғындарының қолымен, III
Аменемха перғауынның бұйрығымен қазылған ең үлкен су қоймасы
Мери (мысырлық түсінігі көл деген ұғымды білдіреді) деп аталаты-
нын, ал арықтар ортасындағы айтарлықтай үлкен Иосиф каналының
Ортаңғы Мысырды бойлай, Ніл өзеніне паралелль ағатыны туралы
мәліметті береді [2. 4 б.]. Демек, ежелгі заманның өзінде өзеннің мол
суының адам өміріне қауіпсіз болуы, ел игілігіне пайдаланылуы,
ылғалды ұзақ сақтаудың мүмкіндіктері қарастырылды.
Ұжымдасқан еңбек бір орталыққа бағынған күшті билікті,
көптеген адамның ортақ мүддеге жұмылдырылуын қажет етеді.
Материалдық игіліктер мен адам санының жеткілікті болуы ғажайып
үлкен
құрылыстар тұрғызуға, мемлекеттің гүлденуі ғана емес,
басқаларға үлгі боларлық ғибратты өмір салтын қалыптастыруға
жағдай жасайды. Уақыт өте, мол
өнімнің арқасында халықтың
белгілі бір бөлігі тікелей егін шаруашылығы жұмыстарынан босап,
діни рәсімдерді атқарумен айналысады, қол өнерімен шұғылданады.
Аңыз әңгімелер, діни сенімдер, алғашқы білім негіздерінің пай-
да болуы, таралуы Ніл аңғарының өркениет жолына түскенін
білдіреді.
Ең алғашқылардың бірі болып мәдениет дамуы жолына түскен
ежелгі мысырлық дүниетанымнан әлемнің жаратылуы, күн құдайы
және Осирис туралы аңыздар ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: