Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Есік қорғанының сыры ашылмаған сына жазуы



Pdf көрінісі
бет100/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113
Суретте: Есік қорғанының сыры ашылмаған сына жазуы [122]


278
келген Чжань Цяннің «Ши цзи» («Тарихи қысқа мәлімдеме»); та-
рихшы Сыма Цяннің «Цянь Ханьшу» («Хань Гудің ежелгі тарихы») 
еңбектері және иран тілді ескерткіштер жатады. Зороастризмнің 
қасиетті кітабы «Авеста» да осындай ежелгі жазба деректердің бірі. 
Сонымен қатар, сағым ойнаған сайын даланың байырғы тұрғындары 
туралы мәліметтер парсылардың сына жазуларынан және І Дарийдің 
«Бехистун» жазбасынан кездеседі. 
Ежелгі тарихшы Квинт Курций Руф мәліметінен, Александр Ма-
кедонскийге келген сақ елшілерінің, өгіздерге жегетін құралдар мен 
соқаларды, найзалар мен жебелерді, құмыралар мен тостағандарды 
өздеріне құдайдың бергені жайлы айтқандары белгілі. Өгіздер мен 
соқа – тойынуға, тостаған – құдайлардың ішімдіктер ішуіне, най-
за мен жебе жаудан қорғану үшін берілген. Осындай аңыздық 
мәлімет «еуропалық» скифтер туралы да айтылады. Александр 
Македонскийге келген олар, өздерінің кез келген келісім сөзді 
киелі тұтатынын, келісім сөзді бұзу, құдайды алдаумен бірдей деп 
есептелетінін білдіреді... 
Сақ тайпаларының қазақ даласы мен Орта Азиядағы өзіндік 
ерекшелігімен көзге түсетін ескерткіштері: Қуаңдарияның кеуіп 
қалған арнасында орналасқан, қазба жұмыстары кезінде көптеген 
тұрмыстық заттары табылған тохарлардың бекініспен қоршалған 
қауымдық үйлері; төменгі Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында 
орналасқан аугасилер қалашығы; Іңкәрдария арнасында орналасқан 
сакаравактар елдімекені. Осы аталған орындардан басқа жердегі 
сақтар мәдениетінің мәліметтері қорымдар кешені арқылы беріледі. 
Ежелгі сақтардан жеткен ескерткіштердің басым бөлігі – сақ 
тайпалары көсемдерінің қорымдары. Жетісу сақтарының Есік 
қорғанынан табылған «Алтын адамы» – осындай аса құнды 
ескерткіштердің бірі. Оны археолог Кемел Ақышев тапқан. 
Ғалымдардың «Алтын адамды» 17-18 жаста деп белгілеуіне байла-
нысты, ол ханзада, тақ мұрагері болуы мүмкін деген болжам жасала-
ды. Ол, ежелгі сақтар дәстүрі бойынша, алтын сауытымен және қару-
жарақтарымен жерленген. Қорымнан 4 000-нан аса алтын бұйым, 
соның ішінде аса шеберлікпен орындалған аң стиліндегі жалпақ ал-
тын тілікшелер, ілгектер мен әшекей заттары табылған.
Жауынгердің сырт киімі шекпен мен шалбардан тұрады. Қызыл 
түсті қысқа тері шекпен тұтастай алтын әшекейлермен барыс, 


279
бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат 
нақышында» безендірілген. Бас сүйектің сол жағынан жақұт тастар-
мен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі 
үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. 
Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің 
тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын 
жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбе-
уге аң бейнелі 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты 
ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналы қынға салынған темір 
қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен өрнектелген.
Суретте: Есік қорғанынан табылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет