281
Сактардың ғажайып үлгіде бейнелеген аңдары нені білдіреді
деген сұрақ төңірегінде оқымыстылар келесі пікірлерін білдіріледі:
а) аңдардың таң қаларлық күшін, қасиеттерін магиялық жолмен
адамға беру. Семсердің қолға ұстайтын сабына арыстан басы мен
қыран көзінің өрнектелуі жауынгерге күш пен қырағылық бергісі
келуінің нышаны; аңдар сақ құдайларының рәміздік нышаны болды;.
аңдар бейнесі оның қожасының қоғамдағы орнын көрсетеді; аң стилі
өнерінде ғаламның аңыздық бейнесі көрінісін табады. Сақтардың
ғалам түсінігі бойынша, қыран бүркіт – аспанмен (жоғарғы әлеммен),
бұғы, марал – жермен (ортаңғы әлеммен), ал жыртқыштар жер асты
патшалығымен (төменгі әлеммен) байланыстырылады...
Геродот сақтардың қалай шомылғаны, өздерін тазартатыны ту-
ралы мынадай дерек қалдырған: «...басын жуып, тарайды, денесін
(монша буымен) былай тазартады: үш қада қағып, ұштарын бір-біріне
біріктіреді. Киізбен орап байлайды, қымтап жабады да, киіз үйшіктің
ортасындағы қызған тастың үстіне... кенеп дәнін киізге орап... та-
стайды. Бұдан қатты түтін мен бу шығады, онымен ешқандай эллин
бу моншасын салыстыруға келмейді. Скифтер бұған рахаттанып,
қатты айқайлайды...» [106. 76 б.].
Тамара Р. Райс өзінің «Скифтер» кітабында: «1929 жылға дейін
осы айтылғанға аса мән берілген жоқ. Дегенмен, тек осы жылы Па-
зырык қорғанынан (кейбіреулерінің алты қазығы бар болса да) әлі де
болса, үстіне тартылған киіз немесе тері жапқыштары, тас салынған
қазаны және кенеп дәндері сақталған лашық табылды. Әрбір мо-
лада қайтыс болған екі адамға арналған қабір орындары бар: бірі
күйеуінікі болса, екіншісі әйеліне арналған» [125. 37 б.].
Достарыңызбен бөлісу: