52
қайшылықтар дамуы діни реформаның
жүргізілуіне әкеліп соқтырады. Перға-
уын өзін Атон құдайдың баласы, соның
сайлаған адамы ретінде жариялай-
ды. Атон енді Мысырдың бұрынғы дә-
ріптеген құдайларының аңыздық, икон-
дық бейнесіне және басқа да құрметті
қасиеттеріне ұқсамайды. Дөңгелек күн
тәрізді елестетіледі. Тарихи дәуірдің
сенімін айғақтайтын деректі Перғауын
мен оның отбасы мүшелерінің өмір баста-
уы – Күннің сәулесі алдында ой-қырлы
бейнеленген бедерлі суреттен көреміз.
Перғауын өзін күн тәрізді жарықтың,
жылудың және жердегі кез келген
жақсылықтың бастауы болатын Атонның
алғашқы қызметшісі деп есептейді. Басқа
құдайлар да, оларды құрметтеп жасалатын рәсімдердің бәрі де
мәнсіз, жалған, ал олардың қызметшілері реформатор перғауын-
ның және оның аспандағы қорғаушысының қарсыласы деп жария-
ланады.
Тарихи дәуірде Аменхотеп – «Амон риза» деген есімін перғауын
Эхнатонға – «Атонға үйлесімді» дегенге ауыстырады. Ол Амон-
Раға арнап салынған ғибадатханалары бар, халқының саны көп
Фиваны тастап, тез арада жаңа Ахетатон қаласын салғызады да,
мемлекеттік мекемелер мен мұрағатты сонда көшіріп, өз құдайының
құрметіне жаңа сарайлар тұрғызады. Қазір осы қаланың орнын-
да арабтың әл-Амарна елдімекені орналасқан. Бұрын осы жерде
перғауынның резиденциясы болғандықтан, ол ғылымда амарндық
атауымен белгіленеді. Амарн уақытында көшірмешілер, қоғамның
сауатты бөлігі басқа құдайлардың аттарын атамауға тырысқан. Ескі
жазбалардағы басқа құдайлардың есімдерін ғана емес, сонымен қоса
иероглифтерді де өшіріп тастауға бұйрық берілген. Аспанда және
жерде барлық ел мен халық, барлық жан иесі – суда жүзетін, ұшатын,
жорғалайтындар үшін бір-ақ Құдай бар. Осы Құдай қалаған жалғыз
перғауын – Эхнатон деген ұғымды санаға сіңіруге тырысқаны
байқалады.
Суретте: Күн құдайына
Достарыңызбен бөлісу: