Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет12/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113
Ортаңғы патшалық Фиваның Гераклопольді бағындырып
ежелгі Мысырдың барлық аймағына өз үстемдігін орнатқан кезінен 
басталады. Бұл уақыт үш ғасырға жақын, б.д.д. ХХІ-ХVІІІ ғғ. 
аралықтарын қамтиды. Тарихи дәуір жергілікті билік орталығы 
болған жаңа қалалардың салынуымен, қол өнері және сауданың 
қарқынды дамуымен сипатталады. Мысыр мәдениетінің сол кездегі 
өзіндік ерекшеліктері қағаз тәрізді папирустан шиыршықтап 
жасалған құжаттарда сақталды. Олардың көбі біздің заманымызға 
кездейсоқ жеткен. Мысалы, табытты дайындауға бір-біріне бірнеше 
қабат қылып желімделген, картонға ұқсас папирустар қолданылған. 
Зерттеушілер осындай қабат-қабат «картонның» әр қабатын ажыра-


39
тып, онда сақталған мәтіндерді көріп, оқуға талпынуда. Құжаттық 
сипаттағы деректер, мәтіндер, ақпараттар сол уақытта өмір сүрген 
саяси құрылымның әлеуметтік және саяси ерекшеліктерін көрсетеді. 
ХІ династияның негізін қалаушы І Ментухотеп елді біріктіріп, 
мемлекет астанасы ретінде Жоғарғы Мысырдағы Фива қаласын 
таңдайды. Нілдің шығыс жағалауында (қазіргі Дейр-әл-Бахраның 
орнында) орналасқан өз сарайына қарсы беттен, өзеннің батыс 
жағалауында көне пирамидалар салу дәстүрлері мен жергілікті 
халықтың жартастан ойылған үңгірге жерлеу рәсімін біріктірген 
кесененің құрылысын бастайды. 
І Ментухотеп перғауын қабірінің архитектуралық ансамблі жай-
ында М.Э. Матье: «І Ментухотеп ғибадатханасының құрылысында 
ұстындардың барынша кең пайдаланылуы кейінгі сәулетшілер үшін 
маңызды мүмкіндіктерге жол ашты. Ежелгі патшалық кесенелерінің 
жабық залдары және бітеу қабырғалармен қоршалған аулалары-
нан ұстын сыртқа шығарылды. Егер Ежелгі патшалықта жерлеу 
ғибадатханаларының немесе қабірханалардың қасбеттерінде (фасад) 
кішігірім портиктер ғана кездессе, енді ғимаратты тұтасымен ұстын 
тізбектің екі қатарымен 
әсемдейтін болды. Алайда,
І Ментухотеп ғибадатханасы 
өз дәуірінің сәулетшілеріне 
айтарлықтай әсер еткен 
жоқ, оның мысыр сәулет 
өнерінің (архитектура) да-
муы үшін маңызы кейінірек, 
Жаңа патшалық кезеңінде 
байқалды» [3. 135 б.]. 
Ортаңғы патшалықтың 
соңғы перғауыны ІІІ Аме-
немхет бірі – Дашурда, 
екіншісі – Гаварда, екі пи-
рамида 
тұрғызды. 
Ме-
ридов көлінің жағасына 
орналасқан биіктігі 58 м, 
табан ұзындығы 101 м бола-
тын Гавардағы пирамиданың 
Суретте: Саркофаг [20]


40
жерлеу камерасы көңіл аудартады. Пирамида өзегі болып табылатын 
жартастан төртбұрышты құдық ойылып, қабырғалары іштей таспен 
қаланған. Салмағы 110 т тұтас сары кварциттен шабылып жасалған 
алып «қорапқа» перғауын қабірі орналасқан. Қабірге екі саркофаг 
қойылған. Камера үш үлкен плитамен бастырылған. 
ІІІ Аменемхет жерлеу ғибадатханасын жоспарлауда жүздеген 
жылдық дәстүрлерден бас тартып, Меридов көлінің жағасындағы, 
пирамида жанына табаны 305 × 244 м алып сәулет кешенін салдыра-
ды. Лабиринт аталған бұл құрылыс өнеріне грек және рим тарихшы-
лары Геродот, Страбон, Плиний таңданыс білдірген. Өкінішке орай, 
қираған қалдықтардан басқа, лабиринттен еш белгі қалмаған, оның 
қандай болғаны туралы тек ежелгі оқымыстылардың мәліметтері бой-
ынша ғана болжам айтылады. Ол бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, 
солтүстігінде алты және оңтүстік жағында алты – он екі жабық қақпасы 
бар қабырғалармен қоршалған. Лабиринтті Геродот өз көзімен көргенін, 
ғимараттың салтанатты құрылысының әсерлі екенін, маңыздылығы 
жағынан, тіпті, пирамидалардан да асып түсетінін жазады. 
Екі деңгейде орналасқан 
лабиринт бөлмелерінің жалпы 
саны – үш мың. Лабиринттің 
жоғарғы бөлігін аралап көр- 
ген Геродотты сақшылар, 
патшалардың қабірлері мен 
қасиетті қолтырауындар жер-
ленген орындар барын айтып, 
жерасты бөліміне жібермеген. 
Геродот өзі көрген бөлімнің 
адамзат қолымен жасалған 
туындылардың бәрінен асып 
түсетінін жеткізеді. Лаби- 
ринттің бөлмелері, бұлта- 
рысты дәліздері, ұстынды 
залдары, аулалары мен гале-
реялары тарихшының алдынан сансыз ғажайыптар ашып отырған. 
Кешеннің төбесі таспен жабылған, бөлмелердің қабырғалары да та-
спен қаланып, әртүрлі мүсіндермен бедерленген, аулалар ақ тастан 
тұрғызылған ұзын тізбекпен әсемделген.
Суретте: Лабиринт деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет