Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет61/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
 Яншао мәдениеті [78]


181
Нефрит бұйымдар жасау Лянчжу (б.д.д. 3300-2200 жылдар) 
мәдениетінде жоғары дәрежеге жеткен. Олардың әсемдігі мен 
жетілген техникасы сол тарихи заманның өзінде қолдарына саяси 
және діни билікті ұстаған ақсүйектердің пайда болғанын көрсетеді. 
Зираттардан табылған ерекше құнды бұйымдар жерлеу рәсімдеріне 
байланысты жасалған және олардың рәміздік мәнінің сыры әлі күнге 
беймәлім. Нефриттен жасалған рәміздік заттар саяси, діни және 
әкімшілік билік иелерін өзара ажырату белгісі болуы мүмкін. Неф- 
рит әлеуметтік мәртебе деңгейін білдірген тәрізді.
Луншань мәдениеті (б.д.д. 3000-2000 жж.) Хуанхэ өзені аңғарында 
дамыды. Оның әртүрлі өндіріс саласындағы қол жеткізген табыста-
ры неолит дәуірінен қола дәуіріне өткеніне дәлел болады. Неолит 
дәуірінің кешенінен ең көп табылған материалдық мәдениет үлгі- 
лері – керамикалық бұйымдар. Жалпы өнімдер мазмұны өздерінің қыз- 
меттеріне және сыртқы сипаттарына қарай шаруашылық, асүйлік, 
асханалық және жерлеу рәсімдеріне арналған деп, 32 түрге бөлінеді. 
Өнімдер түрлі-түсті бояулармен әрленген (расписная, полих-
ромная) және боялмаған (монохромная) керамика деп екі көркемдік 
түрде көрсетіледі. Түрлі-түсті бояулармен әрленген керамикалық 
заттар «батыс» және «орталық» аймақтардан табылған және ол 
б.д.д. ІІІ мыңжылдыққа тән деп есептеледі. Боялмаған керамика 
шығыс аймақтарда басым, әсіресе, мұнда Луншань кешені айрықша 
ерекшеленеді. 
Б.д.д. ІІІ мыңжылдықпен белгіленетін қара монохромдық 
керамиканың жасалу құпиясы ғылым үшін әлі күнге жұмбақ. Со-
нымен қоса, соңғы жылдары Тайху көлі маңынан табылған не-
олит керамика құмырасының сыртқы түрі талғаммен жасалып, 
бай әшекейленуімен көз тартады. Бұл жерден ғылым үшін өзінің 
қолданыс саласы беймәлім цун – кубтері деп аталған бірнеше бірегей 
зат табылған. Олар – құрт тәріздес етіп, ойылып жасалған нәзік зо-
оморфты бөліктерден тұратын, цилиндр формалы нефрит ыдыстар. 
Неолит керамикасы – Қытай көркем шығармашылығының ең 
ежелгі үлгісі. Онда ұлттық әшекейлі-қолданбалы және бейнелеу 
өнерлерінің барлық түрі мен жанрының бастаулары: кескіндеме 
(бояу қолданып керамикалық бұйымдарды әрлеу), ұсақ пласти-
ка мен мүсіндеу (жануарлар барынша шынайы бейнеленген шарап 
ішетін көзелер) қамтылған. Керамика өндірісінде жетілген техноло-


182
гия қолданылды. Керамикалық бұйымдармен бірге табылған басқа 
заттар, әртүрлі еңбек құралдары алғашқы қытайлықтар айналысқан 
ауыл шаруашылығы, басқа да қызмет түрлерін қалпына келтіруге 
мүмкіндік береді. Табылған бұйымдардың көбі – тұрмыстық заттар. 
Қытайдың неолит дәуірі тұрғындарының отырықшы өмір салтын 
ұстанып, егін шаруашылығымен, балық аулаумен және аңшылықпен 
айналысқаны күмән туғызбайды. Неолит дәуірінде жерленген 
мәйіттер, қоныстар мен жеке тұрғын жайлар осы дәуірдің өзінде 
болашақ Қытай мәдениетіне негіз болған белгілі бір космологиялық 
ұғымның қалыптаса бастағанын дәлелдейді. 
Алайда, сол заманның діни ұғымдарының өзіндік ерекшелігі 
мен сипаты ғылым үшін әлі күнге түсініксіз. Арнайы әдебиеттерде 
археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдар 
арасында шынайы діни рәсімдік заттардың жоқтығы немесе 
ғалымдардың оларды әзірге тани қоймағандығы жайлы айты-
лады. Тек Луншань мәдениетінде пайда болған бал ашу өнерінің 
уақыт өте келе, ең бір беделді діни тәжірибе боп қалыптасқаны 
нақты анықталған. Шошқа мен ірі қараның отқа күйдірген кезде 
ерекше жарықшақтар түскен жауырын сүйектері – соның айғағы. 
Ерте Инь дәуірі мәдениетін Чжэнчжоу қаласы маңында жүргізілген 
қазба жұмыстары материалдарынан көруге болатынын деректер 
көрсетеді.
Суретте: Нефрит ханзада, б.д.д. V ғ. [79]
Көптеген ғасырлар бойы Қытай елінде нефрит өте құнды зат бо-
лып, соңғы палеолит дәуірінің өзінде ол діни және саяси биліктің 
рәміздік белгісі ретінде жоғары бағаланады. Ақ түстен қоңыр-жасыл 
түске дейін түрленетін нефрит жер және аспан әлемдері арасын 
жалғастырушы зат ретінде қарастырылып, оған сиқырлы қасиет 
таңылады. Мұның ақ және мөлдір түстері бағалы саналған. 


183
Қытай тілінен сөзбе-сөз аударғанда «қойдың майы» деген 
ұғымды берген аса бағалы емес тас соңғы неолит дәуірінде белгілі 
болған. Нефритті өңдеу және оған ойып өрнек салу өте қиын. Де-
генмен, зерттеушілер ежелгі қытай қолөнершілерінің нефритті одан 
да қатты, құрамында кварц пен граниті бар құммен өңдеудің ама-
лын тапқанын пайымдайды. Неолит дәуірінің шеберлері нефритті 
өңдегенде алмаз ұштары бар кескіштерді, акула тістерін (Луншань 
мәдениетіне жататын қорымдарды қазғанда табылған) пайдалануы 
мүмкін деген болжамдар айтылады.
Хэмаду мәдениеті негіз болған, Оңтүстік Цинлянган мәдениетіне 
жататын қоныстар орнын қазған кезде нефриттен жасалған ең ежелгі 
бұйымдар табылған. Хуншань мәдениеті қорымдарының орнынан 
да көптеген нефрит бұйымдар табылған, соның ішінде алғашқы 
аңыздық тіршілік иесі – айдаһар бейнелі зергерлік бұйым бар. 
Арнайы әдебиеттерде Батыс Чжоу әулеті дәуірінде өлген 
адамның бетін нефрит маскамен жапқаны айтылады. Жерлеу ма-
скаларына арналған нефриттерді нәзік оюлармен бедерлеп, жібек 
матаға тіккен. Маскалар діни қызмет атқарған деген болжам жа-
салады. Хань әулеті кезінде өліктің рухы шықпай, онда ұзақ өмір 
сүрсін, дене ыдырауға ұшырамасын деген оймен мұрын, көз, ауыз, 
құлақ шұқырларын кішкене нефрит тұмарлармен бітеген. Денені ке-
удеге тағатын әсемдік бұйымдарымен жабу салты пайда болған. Бір-
біріне қоса, тізбектеле тігілген, омырауға тағатын әшекейлер өліктің 
кеудесінен тізесіне дейін жабылған. 
Хань әулеті кезінде нефриттің сиқырлы қасиеті бар деп, одан 
тұтас киімдер тігілген. Мань-чэннан (Хэбэй) табылған Чжуншан 
мұрагері Лю Шэн мен оның әйелі Доу Баньнің ақыреттік киімдері, 
үлкендігі мен қалыңдығы әртүрлі, бір біріне алтын жіппен қосып 
тігілген, 2 498 және 2 160 бөлік нефриттен тұрды. Нефритті өңдеу 
техникасы мен оған әсемдік бедерлерін түсіру өнерін ұзақ жылдар 
бойы жетілдірген қолөнершілер жетістігі зор. Олардың жасаған 
бұйымдары қазір күллі әлемге танымал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет