Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет77/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113
Ұлы Кир ескерткіші [98]


220
жылы жеңіліске ұшырайды. Көп ұзамай Кіші Азиядан Эгей теңізіне 
дейінгі жер парсылардың иелігіне айналады, парсылар әлемдік та-
рих сахнасына шығып, болашақта екі жүз жыл бойы саяси үстемдік 
жағдайына ие болады. Ендігі жерде, осы кездегі парсылар үстемдігіне 
тосқауыл ретінде тек Қосөзен аймағын ғана емес, Жерорта теңізінің 
шығыс бөліктерін иеленген (Навуходоносор жорықтарының 
нәтижесі) алып мемлекет – жаңа Вавилон патшалығы тұрады.
Тарихи дәуір Вавилон патшасы Набонидтің қала саяси эли-
тасымен тіл табыса алмауынан төнген сыртқы қысымды аса 
асқындырып жіберген күрделі уақыт еді. Інжілдің «Пайғамбар Да-
нил кітабында» Валтасар деп атаған Набонидтің баласы Вавилон 
әскерін басқарады. Б.д.д. 539 жылы Вавилон әскерін қирата жеңген 
Кир қалаға салтанатпен кіреді. Қаланы тонауға ұшыратпаған пар-
сы патшасы бас құдай Мардуктың қасиетті ғибадатханасына келіп, 
абыздар қолынан билікті қабылдайды. Кир өзінің арнайы үндеуінде 
Набонидтің вавилондық құдайларға дұрыс көңіл бөлмегенін ай-
тып, өзін олардың қорғаушысы, барлық вавилондықтың патшасы 
деп жариялап, «қаланың тыныштықпен бейбіт өмір сүретініне» 
уәде береді.
Жеңіске жеткен жерінің бәрінде Кир өзін қарапайым, өте би-
язы ұстайды. Соған қарағанда, патша баюды емес, өзіне адалдық 
көрсеткендердің сый-сияпаттарын қанағат қылып, даңқын асыруды 
мақсат тұтса керек. Қысқа уақыт ішінде бұрын-соңды әлем тарихы 
білмеген алып мемлекет құрған парсылар патшасын тарихшылар 
ежелгі замандардан бері Ұлы Кир деп атайды. 
Парсының Ахемен тайпасынан шыққан Кирдің өзі де, 
ұрпақтары да ахеменидтер деп аталған. Б.д.д. 530 жылы Орта 
Азия көшпенділеріне қарсы жорық кезінде қаза тапқан ұлы жау-
лап алушының орнына тақ мұрагері Камбиз отырады. Ол әкесінің 
ісін жалғастырып, б.д.д. 525 жылы Мысырды жаулап алады. Жау-
лап алынған үлкен аймақ ішінде тыныштық сирек болды. Камбиз 
жорықта жүрген кезде ахеменидтер тағын өзін Бардия деп атаған 
Кирдің баласы басып алады. Мұны естіген Камбиз елдің астанасына 
асығады, бірақ жолда белгісіз жағдайда қайтыс болады. 
Бірнеше айдан соң парсылардың танымал отбасылары 
ұйымдастырған бүлік нәтижесінде Бардия да өз сарайында қаза та-
бады. Ұлы Кирдің Камбиз өлгеннен кейін тура мұрагері де жоқ еді. 


221
Бүлікшілер өз ортасынан жаңа патша сайлап, Бактрия билеушісінің 
баласы І Дарий (б.д.д. 522-486 жж.) таққа отырады. Өзін ахеменидтер 
ұрпағының ең кішісі деп жариялаған сәтін оның Бехустин жартасы-
на жаздырғаны жайлы дерек бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет