Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет78/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113
Ежелгі парсылар діні. «Авеста» құрамына кірген шығармалар 
Заратуштра (гректер Зороастр деп атаған) пайғамбарға таңылатын, 
«дэв» – құдайларды дәріптеген әнұрандар, «гата» – өлеңдер, 
рәсімдік нұсқаулардан тұрады. Зороастризм – дуалистік, яғни әлем 
екі бастаудың мәңгілік күрес алаңы деген ұғым негіз болған дін. 
Оның бірі Ахура-Мазда (гректерше Ормузд) – жарық, жақсылық 
және шындық, шынайылық құдайы болса, екіншісі қатал рух Ан-
хра-Манью (гректерше Ахриман) – қараңғылық, жалғандық белгісі. 
Зорастрлар нанымы бойынша, адамдар өмірде іс-әрекеттерімен, 
сөздерімен, ой-пікірлерімен ғарыштық күштердің күресіне арала-
сып, осы құдайлардың біріне көмектеседі.
Зороастрлар отты кие тұтып, оны зиян тигізуге, ластауға бол-
майтын бастау ретінде қастерлейді. Сол себепті, оларды «отқа табы-
нушылар» деп те атайды. Сонымен қатар, сиыр өсіріп, көбейтуді өз 
міндеттерінің өтелуі, діни қайырымдылық деп қарайды. 
Діни түсінік бойынша, әлдебір ғарыштық ақиқат заң – Арта бар, 
одан барлық ғалам тірек табады. Ол аспандағы күнмен, жердегі отпен 
теңестіріледі. Басқа халықтардың діни орындары – ғибадатханаларда 
құдай мүсіндері мен бейнелеріне табыну орын алса, парсылар 
қасиетті орындарда жағылатын отты қастерледі. 
Отты сақтауды мұраға алып отыратын абыздар ұрпақтан-
ұрпаққа «Авестаның» қасиетті мәтіндерін де жеткізетін болған. 
«Авеста» мәтінінде осы абыздар тобынан бөлек, ежелгі парсылар 
қоғамында тағы екі тең құқықты әлеуметтік топтың (сословие) 
болғаны жайлы дерек беріледі. Оның бірі – әскери күймелермен 
соғысқа қатысатын әскер басшылары, екіншісі – халық. «Халық» 
деген ұғым тек экономикалық және әлеуметтік жағынан дер-
бес тұрғандарға қолданылып, қарапайым еңбек адамдары оған 
қосылмаған тәрізді. Мысалы, «Авестада» қолөнершілер де құлдар 
тәрізді, діни рәсімдердің өткізілуіне қатыстырылмаған, толық 
құқығы жоқ, қоғамға тек өз еңбегімен қызмет көрсететін әлеуметтік 
топ ретінде қарастырылған. 


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет