Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет82/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113
Жазу өнері. Ежелгі дәуірде парсылар 
өзіндік ерекшелігімен көзге түскен, жоғары 
дәрежеде дамыған өркениетті елдікке жете- 
ді. Осының айғағы ретінде барлығы 43 бел- 
гіден тұратын сына жазуын айтуға бола-
ды. Жазу өнері патшаның салтанатын бей-
нелеп, билік иелерінің табыттарын, сарай 
қабырғаларын, ұстындарды безендірді немесе 
металдан жасалған ыдыстарға, қаруларға, тас 
құмыраларға ойып жазылды. Осы жазулардың ең атаулысы, таныма-
лы – Камбиз билігінің соңғы жылдары мен І Дарий патша қызметінің 
алғашқы жылдарын бейнелейтін Бехистун жазуы.
Үш тілде (парсы, элам, аккад) жазылған бедерлерін қосқанда, 
биіктігі 7,8 метр, ені 22 метр болатын, Хамадан мен Керменшах 
қалалары ортасында орналасқан Бехистун жартасындағы жазу 
ежелгі дәуірдегі Парсы елін Вавилонмен және басқа да елдермен 
байланыстырған жолдан 105 метр биіктікте тұр. Ойылып салынған 
бедерлер мен мүсіндер үстінде қалықтаған Ахура-Мазда құдай 
сақинасы бар сол қолын Дарийге созып, оған патша билігін берудің 
нышанын жасаса, жоғары көтерілген оң қолымен патшаға бата 
беруі көрсетілетіні деректерде жорамалданған. Патша тәжін киген 
Дарий табиғи бойымен көрсетілген. Оның оң қолы сиыну түрінде 
Ахура-Мазда құдайға созылса, сол қолымен садақ ұстап, Камбиздің 
тағын тартып алған, енді өлгелі жатқан Гауматты аяғымен басып 
тұр. Патшаның арқа жағында сарай төңірегі адамдары – найза 
ұстаған Гобрий мен садақ ұстаған Аспатин, ал Гауматтың соңын 
ала ұзын тізбек бойында Дарийдің байлаулы жаулары, тұтқындар 
бейнеленген. 
Персеполь жазуларының көшірмесін өте ұқыпты жасаған Кар-
стен Нибур ең алғаш үш бағандағы таңбалардың үш тілде жазылған 
сына жазулары болатыны жайлы пікір білдірді. Жазулар сырын 
аша алмаса да, бірінші бағандағы жазуды оның 43 әріптен тұратын 
ежелгі парсы жазуы дегені дұрыс, негізді болды. Кейін Гротефенд 
осы деректі сына жазуларының сырын ашарда пайдаланды. 
Сына жазуларының сырын ашуға талпынған дат ғалымы Фри-
дрих Христиан Мюнтер 1798 жылы Дат корольдігінің ғылыми 
қоғамында жасаған баяндамасында бірінші баған жазуының әріптік, 
Суретте: Ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет