Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет87/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113
ІІ бағана:
1-5. Дарий патша айтады: Нидинту-Бел аздаған атты әскерімен 
қашып, Вавилонға келді. Мен де оның артынан Вавилонға келдім. 
Ахура-Мазда рахымымен, мен Вавилонды алдым да, Нидинту-Белді 
Вавилонда жазаладым. 
5-8. Дарий патша айтады: Мен Вавилонда жүрген кезде Парсы 
елі, Элам, Мидия, Ассирия, Мысыр, Парфия, Маргиана, Саттагидия 
және Сақтар елі маған қарсы көтеріліске шықты.
8-11. Дарий патша айтады: Парсының Қуғанақ қаласында 
тұратын Чичихришаның ұлы Мартия атты адам Эламда көтеріліске 
шықты. Ол халыққа: «Мен Иманиш, Элам патшасымын, – деді».
11-13. Мен ол кезде Эламға жақын жерде болатынмын. Эламит-
тер менен қорқып, көтерілісті басқарушы Мартияны ұстап алып 
өлтірді.
13-17. Дарий патша айтады: Фравартиш есімді мидиялық бір адам 
Мидияда көтеріліс ұйымдастырды. Халыққа ол: «Мен – Увахштры 
әулетінен Хшатритпын», – деді. Мидия халқы оның билігін мойын-
дап, қол астына кірді. Ол патша болды.
18-29. Дарий патша айтады: Менің қол астымдағы парсы және 
мидия әскерлері аз адам болды. Мен қосымша әскер жібердім. Әскер 
басы етіп Видарн есімді парсы құлымды тағайындадым да, оларға: 
«Барыңдар да, менің билігімді мойындамайтын мидия әскерлерін 
талқандаңдар», – дедім. Осыдан кейін Видарн әскерлерімен Мидияға 
келіп, Маруш атты қалада ол мидиялықтарды талқандады. Миди-
ялар басшысы ол кезде қалада болған жоқ. Ахура-Мазда маған 
көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен, менің әскерлерім 
көтерілісшілерді талқандады. Ұрыс анамака айының 27 күнінде (12 
қаңтар, б.д.д. 522 ж.) болды. Осыдан кейін әскерлерім мені Мидияның 
Кампанда аумағынан Мидияға келгенше тосты. 
29-37. Дарий патша айтады: Дадаршиш атты армян құлымды мен 
Арменияға жіберіп, оған: «Бар да, менің билігімді мойындамайтын 


239
көтерілісшілерді талқанда», – дедім. Көтерілісшілер Дадаршишке 
соққы беру үшін Арменияның Зузахия деген жеріне жиналды. Аху-
ра-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен менің 
әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Бұл туравахра айының 
8-күні (20 мамыр, б.д.д. 521 ж.) болатын.
37-42. Дарий патша айтады: Көтерілісшілер екінші рет Дадар-
шишпен шайқасуға жиналды. Олар Арменияның Тигра деп атала-
тын бекінісінде тойтарыс берді. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. 
Ахура-Мазданың рахымымен менің әскерлерім көтерілісшілерді 
талқандады. Бұл туравахра айының 18-күні (30 мамыр, б.д.д. 521 ж.) 
болатын.
42-49 Дарий патша айтады: Көтерілісшілер үшінші рет Да-
даршишпен шайқасуға жиналды. Арменияның Уява бекінісінде 
олар шайқас ұйымдастырды. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. 
Ахура-Мазданың рахымымен менің әскерлерім көтерілісшілерді 
талқандады. Бұл тайгарчиш айының 9-күні (21 маусым, б.д.д. 521 ж.) 
болатын. Осыдан кейін Дадаршиш мені Мидиядан келгенше Арме-
нияда тосты.
49-57. Дарий патша айтады: Кейін мен Арменияға менің құлым 
Ваумис атты парсыны жіберіп, оған: «Бар да, менің билігімді мой-
ындамайтын көтерілісші әскерлерді талқанда», – дедім. Ваумис 
Арменияға жеткен кезде көтерілісшілер жиналып, Ваумиспен 
шайқасқа дайындалды. Ассирияның Изал қаласында шайқас болды. 
Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен 
менің әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Бұл нанмака айының 
15-күні (31 желтоқсан, б.д.д. 522 ж.) болатын.
57-63. Дарий патша айтады: Көтерілісшілер екінші рет Вауми-
спен шайқасуға жиналды. Арменияның Аутиар аумағында шайқас 
ұйымдастырды. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың 
рахымымен менің әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Тура-
вахра айы аяқталған кезде олар қайтадан шайқас ұйымдастырды. 
Осыдан кейін мен Мидияға келгенше Ваумис мені Арменияда күтті.
67-70. Дарий патша айтады: Мен Вавилоннан кетіп, Мидияға 
келдім. Мен Мидияға келген кезде Мидияда өзін патша деп атаған 
Фравартиш маған қарсы шайқасу үшін өз әскерлерімен Мидияның 
Кундуруш қаласына келді. Ұрыс басталды. Ахура-Мазда маған 
көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен менің әскерлерім 


240
Фравартиштің әскерлерін талқандады. Адуканиш айының 25 күні (7 
мамыр, б.д.д. 521 ж.) біз шайқас жүргіздік.
70-78. Дарий патша айтады: Бұдан Фравартиш аздаған әскерімен 
қашып, Мидияның Рада өңіріне барды. Мен Фравартишке қақпан 
ұйымдастыру үшін сол жаққа әскер жібердім. Фравартишті ұстап, 
маған әкелді. Мен оның мұрнын, құлағын, тілін кесіп, бір көзін 
ағызып жібердім. Оны қақпамның алдында байлаған күйінде 
ұстадым. Бар халық оны көрді. Кейін Экбатанда мен оны қазыққа 
отырғыздым. Ал оған беріліп қызмет еткен адамдардың терісін сы-
пырып, бекініске іліп қойдым.
78-91. Дарий патша айтады: Сағарт ұлтынан Чиссатахм атты 
бір адам маған қарсы шығып, халыққа: «Мен Увахштры әулетінен 
шыққан Сағарттың патшасымын», – деді. Осыдан кейін мен пар-
сы және мидия әскерлерін жібердім. Мидиялық Тахмаспад атты 
құлыма әскерді басқарттым да, оларға: «Барыңдар да, мені мойында-
майтын әскерлерді талқандаңдар», – дедім. Тахмаспад әскері Чисса-
тахмамен ұрыс жүргізді. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-
Мазданың рахымымен менің әскерлерім Чиссатахманың әскерлерін 
талқандап, оның өзін байлап-матап маған әкелді. Мен оның мұрнын 
кесіп, құлағын, тілін кесіп, бір көзін ағызып жібердім. Оны менің 
қақпамның алдында байлаған күйінде ұстадым. Бар халық оны 
көрді. Кейін Арбелахта мен оны қазыққа отырғыздым.
91-92. Дарий патша айтады: Мен Мидийде не істедім? 
92-98. Дарий патша айтады: Парфия мен Гиркания маған қарсы 
көтеріліп, Фравартиш жағына шығып кетті. Менің әкем Виштаспа 
Парфиде болатын. Халық оны тастап, көтерілісшілер жағына өтіп 
кетті. Виштаспа өзіне беріліп қызмет етіп жүрген әскерлерімен қарсы 
шықты. Парфидің Вишпаузатиш қаласында ол парфияндықтармен 
шайқасқа шықты. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-
Мазданың рахымымен Виштаспа көтерілісшілерді талқандады. Ви-
яхна айының 22 күні (8 наурыз, б.д.д. 521 ж.) шайқас болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет