244
50-52. Дарий патша айтады: Бұрын болған патшалар бүкіл
патшалық құрған кезінде, менің бір жылда істегенімді істеген жоқ.
52-56. Дарий патша айтады: Менің
істегендеріме сен және ол
жайында халыққа айта жүр, Ахура-Мазда саған жолдас болсын,
сенің әулетің көбейіп, ұзақ ғұмыр кешсін.
57-59. Дарий патша айтады: Егер бұл арнауды жасырып, халыққа
айтпайтын болсаң, Ахура-Мазда сенің масқараңды шығарсын және
сенің әулетің жойылсын.
59-61. Дарий патша айтады: Менің бір жыл ішінде істегендерім
Ахура-Мазданың рахымымен жасалды.
61-67. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданың және т.б.
құдайлардың маған көмектескен себебі – мен де,
менің әулетім де
өтірікші, зұлым болған жоқпыз. Мен әділетті қимыл жасауға тыры-
стым. Мен әлсіз адамға да, күшті адамға да қиянат жасаған жоқпын.
Менің үйіме жақсылық жасауға тырысқан адамды мен марапатта-
дым, ал қастандық жасаған адамды қатал жазалап отырдым.
67-69. Дарий патша айтады: Сен келешекте патша болсаң,
өтірікші,
зұлым адам болма, ондайларды қатаң жазала.
69-72. Дарий патша айтады: Сен келешекте осы жазылған жа-
зуларды, бейнеленген суреттерді көретін болсаң, бүлдірмей, шамаң
келгенше сақтауға тырыс.
72-76. Дарий патша айтады: Егер сен осы жазуларды көріп, оны
шамаң келгенше сақтауға тырыссаң, Ахура-Мазда саған жолдас бол-
сын, сенің әулетің көбейіп, ұзақ ғұмыр кешсін, Ахура-Мазда сенің
ісіңді сәтті аяқтасын.
76-80. Дарий патша айтады: Егер сен осы жазулар мен бейне-
ленген суреттерді көріп, оны бүлдіретін болсаң, Ахура-Мазда сенің
әулетіңді жойып, істеген істеріңді сәтсіз етсін.
80-86. Дарий патша айтады: ...мына еркектер менің жақтастарым
болды, олар: парсы
Вахияспарының ұлы Виндафарна, парсы
Тухраның ұлы Отан, парсы
Мардонияның ұлы Гаубарува, парсы
Багабигнаның ұлы Видарна, парсы Багабухшаның ұлы Датавахии,
парсы Ардумаништің ұлы Вахауки.
86-88. Дарий патша айтады: Сен келешекте патша болсаң, осы
еркектерді сақта.
88-92. Дарий патша айтады: Бұл жазуды Ахура-Мазданың рахы-
мымен жаздым. Арий тілінен басқа, бұл жазу топырақтан жасалған
245
тақтайшаларда және теріде жазылды. Бұдан басқа, мен мұны сурет-
те бейнеледім, өз ұрпақтарым жайлы жаздым.
Мен мұны жазып,
барлық елге тараттым. Халық оны оқуға тырысты.
V бағана:
1-14. Дарий патша айтады: Менің патша болғаннан кейін екінші
және үшінші жылдарда жасағандарым: Элам атты ел көтерілісшіл
болды. Атамайта, заты – эламдық адам, оларды басқарды. Осыдан
кейін мен онда әскер жібердім. Менің құлым парсылық Гауваруваны
мен басшы етіп тағайындадым. Гауварува әскермен Эламға аттанды.
Көтерілісшілерді басып, оның басшысын маған әкелді. Бұдан кейін
ел менікі болды.
14-17. Дарий патша айтады: Бұл эламдықтар Ахура-Мазданы
құрметтемей, бүлікшіл болды. Ахура-Мазданың рахымымен мен өз
еркім бойынша оларды жазаладым.
18-20. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданы құрметтегендер тірі
кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де бақытты болсын.
20-30. Дарий патша айтады: Бұдан кейін мен әскеріммен сақтар
еліне аттандым. Бас киімді сақтар (Тиграхауд сақтары) маған қарсы
күресті. Теңізге (Арал теңізі) келген
кезде мен барлық әскеріммен
қарама-қарсы жаққа өтіп алып, сақтардың бір бөлігін талқандадым,
қалған бөлігін қолға түсіріп, кісендеп маған әкелді. Мен оларға көсем
ретінде басқа адамды тағайындадым. Кейін ел менікі болды.
30-33. Дарий патша айтады: Бұл сақтар бүлікшіл болып, Аху-
ра-Мазданы құрметтемеді. Мен Ахура-Мазданы құрметтедім. Мен
оларды өз еркіммен жазаладым.
33-36. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданы құрметтегендер
тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де бақытты болсын [100.
311-321 б.].