Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет16/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113
Жаңа патшалық дәуірі бес ғасырға жуық уақытқа созылды. 
І Яхмес перғауын кезінде мысырлықтар гиксостарды өз жерінен 
қуып қана қоймай, Шығыс Жерорта теңізі аймағына шапқыншылық 
жасап, Ханаанды (қазіргі Палестина) да жаулап алады. Жорықта 
шыныққан Мысыр әскерлері ХVІ-ХV ғғ. аралығында елді біріктіру 
үшін Азия мен Африкада айтарлықтай жаулап алу соғыстарын 
жүргізеді. Әсіресе, І Тутмос перғауын (б.д.д. ХVІ ғ.) кезінде шап-
қыншылық жорықтар жыл сайын болып тұрды. Бұл уақытта армия 
жауынгерлік ұйымдық құрылымдарға, әскер түрлеріне бөлінеді. 
Әскер қатарына алынғандар енді жаттығумен айналысып жетіледі. 
Ат жегілген жауынгерлік жеңіл соғыс күймелері басты күш болды. 
Азықпен қамтамасыз ету қызметі жолға қойылды. Әскердің бекза-
далар тобына жататын жауынгерлік күймеде ат айдаушы және найза 
лақтырып, садақ тартатын адамдар отырды. Олар соғыс тағдырын 
шешуге үлкен үлес қосып, түскен олжаның басым бөлігін иеленген.
Жаңа патшалық дәуірінің басында Мысыр ғибадатханаларының 
жаңа композициясы қалыптасты. Құрылыстың ең маңызды 
бөлігі болған ғибадат орны кешен түкпіріне орналасты. Бұл жер-
де кішігірім жеке бөлмеде құдай мүсіні сақталды. Мерекелер мен 
салтанатты жиындар кезінде құдай мүсіні халық алдына кішігірім 
қайыққа салып шығарылды. Ғибадатхана бөлімдері, аулалар мен 
ұстынды залдар құдай қайығының жүретін жолына сәйкес қатаң 
тәртіппен, атқаратын міндеттеріне қарай орналасады. Бас құдайға 
бағынышты аймақтық құдайлар мүсіндері, діни рәсімдерді өткізуге 
керек киімдер, асыл бұйымдар сақталған бөлмелер де болды, бірақ 


50
оған тек абыздар ғана кірді. Аулаларда құрбандық шалатын мехрап-
тар мен мүсіндер тұрды, кешен қабырғалары фрескалармен және ба-
рельефтермен көмкеріледі. 
ХVІІ әулет перғауындарының кең көлемді жүргізген 
шапқыншылығы, табысты жорықтары нәтижесінде көптеген 
құл мен орасан мол олжа түседі, күрделі құрылыс жұмыстарын 
жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Азып-тозған ғимараттар қалпына 
келтіріледі, патша сарайлары, ақсүйектердің зәулім үйлері, Фива 
аймағында Луксор және Карнак ғибадатхана кешендері бой көтереді. 
Суретте Луксор ғибадатханасы [22]
Фиваның оңтүстік бөлігінде орналасқан, Амон құдайға арнап 
тұрғызылған Луксор ғибадатханасы – сәулет өнерінің барынша 
жақсы сақталған ескерткішінің бірі. Қақпаның екі жақ қапталында 
перғауынның қара граниттен жасалған тақта отырған және қызыл 
граниттен жасалған түрегеп тұрған мүсіндері бар. Ғибадатханаға 
кіретін қасбетте бейнеленген Кадеш түбіндегі шайқас көріністері 
фрескалармен көмкерілген. Қабырғалар біздің заманымызға тек 
үзінділері ғана жеткен діни мәндегі барельефтермен безендірілген.
Луксор және Карнак ғибадатханалары кешендерінің аралығы 
сфинкстер «күзеткен» жолмен жалғасқан. Ежелгі Мысырдың ең ірі 
ғибадатханасы Карнак Фиваның солтүстік бөлігінде, Ніл өзенінің 
шығыс жағалауында тұрғызылған. Құрылысы екі мың жыл бойы 
жүргізілген кешен өзіндік келбетіне Жаңа патшалық кезінде ие 
болған. Ол ХІХ әулет уақытынан бастап ұлттық аса қастерлі орын 
саналады. Амон құдайдың және Мысырдың күш-қуатын асқақтатуға 
тиіс Карнак ғибадатханасы үш бөліктен тұрды, ең үлкені – ортаңғы 
бөлігі.


51
Шығыстан батысқа қарай орналасқан осы үлкен ғибадатханамен 
қатар, бұл жерде өлшемдері әр алуан көптеген діни және табыну 
орындары болған. К. Целлар: «Амон-Ра ғибадатханасының оңтүстік 
жағында орналасқан Гор мен Пта ғибадатханасы барынша жақсы 
сақталған. Діни жол-жоралғыларды өткізуде маңызды роль атқарған 
төртбұрыш пішінді көл осы күнге дейін бар. Діни шерулерге арналған 
ұзын жол Амон мен Мут ғибадатханаларын, кейбір кезде «оңтүстік 
гарем» деп те аталатын Луксор ғибадатханасымен қосылған», – деп 
көрсетеді [3. 373 б.]. 
ХХ әулет тұсында жиырма жеті күнге созылған опет мейрамы 
кезінде Амон өзінің қайығымен Карнактан Луксорға жүзіп барған. 
Басқа мейрамдарда өзеннің келесі жағалауына өтіп, бұл жалғаннан 
бақилық болған, құдайлар қатарына қосылған перғауындардың 
ғибадатханаларына кіріп, мінажат етіп шыққан.
Халқы көп құдайға сенетін Мысырдың әрбір елдімекені мен 
орталық саяси билігі өзін «желеп-жебейтін» құдайға құлшылық етті. 
Соғыстағы жеңістер Фива перғауындарының үлесіне тигендіктен, 
Фива қаласының басты құдайы Амон-Раға арнап тұрғызылған 
ғибадатханалар көп болды. Ғибадатхана құдайдың үйі, ал абыздар 
оның қызметшілері деп есептелді. Құдай мүсін түрінде, идол ретінде 
бейнеленіп, оған қызмет көрсету, киіндіру, тамақ беру, құрбандық 
шалу, өлең айтып көңілін көтеру, би билеу тәрізді сарай төңірегіндегі 
этикет ережелері сақталды. Күнтізбенің ерекше күндерінде құдай 
өзіне арнап салынған ғибадатханалардың бәрінде болуы және 
басқа құдайларға қонаққа баруы үшін, мүсінді бір ғибадатханадан 
екіншісіне көшіріп, ауыстырып отырған. 
Ғибадатханалар елдің діни, мәдени, әлеуметтік-экономикалық 
өмірінен үлкен орын алса, ал абыздар мемлекет саясатына белсенді 
араласты. Жаңа перғауын сайлау, дағдарыс сәттерінің шешімі және 
т.б. Амон-Раның еркіне, демек оның қызметшісі – абыздың еркіне 
тікелей қатысты болды. Құдайлар мен ғибадатхана беделіне сүйенген 
билік жергілікті абыздармен тығыз байланыста еді. 
Ақсүйектер мен ғибадатханалардың әскери жорықтардан ба- 
йып, әбден күшейгені тарихи деректерден белгілі. Өзін жеке-да-
ра, шексіз билік иесі ретінде сезінген перғауынның да діни, саяси
элитамен санасқысы келмейді. Б.д.д. ХІV ғасырда ІV Аменхо-
теп билік құрған кезде шыққан өткір қақтығыс, саяси-әлеуметтік 


52
қайшылықтар дамуы діни реформаның 
жүргізілуіне әкеліп соқтырады. Перға- 
уын өзін Атон құдайдың баласы, соның 
сайлаған адамы ретінде жариялай-
ды. Атон енді Мысырдың бұрынғы дә- 
ріптеген құдайларының аңыздық, икон- 
дық бейнесіне және басқа да құрметті 
қасиеттеріне ұқсамайды. Дөңгелек күн 
тәрізді елестетіледі. Тарихи дәуірдің 
сенімін айғақтайтын деректі Перғауын 
мен оның отбасы мүшелерінің өмір баста-
уы – Күннің сәулесі алдында ой-қырлы 
бейнеленген бедерлі суреттен көреміз. 
Перғауын өзін күн тәрізді жарықтың, 
жылудың және жердегі кез келген 
жақсылықтың бастауы болатын Атонның 
алғашқы қызметшісі деп есептейді. Басқа 
құдайлар да, оларды құрметтеп жасалатын рәсімдердің бәрі де 
мәнсіз, жалған, ал олардың қызметшілері реформатор перғауын- 
ның және оның аспандағы қорғаушысының қарсыласы деп жария-
ланады.
Тарихи дәуірде Аменхотеп – «Амон риза» деген есімін перғауын 
Эхнатонға – «Атонға үйлесімді» дегенге ауыстырады. Ол Амон-
Раға арнап салынған ғибадатханалары бар, халқының саны көп 
Фиваны тастап, тез арада жаңа Ахетатон қаласын салғызады да, 
мемлекеттік мекемелер мен мұрағатты сонда көшіріп, өз құдайының 
құрметіне жаңа сарайлар тұрғызады. Қазір осы қаланың орнын-
да арабтың әл-Амарна елдімекені орналасқан. Бұрын осы жерде 
перғауынның резиденциясы болғандықтан, ол ғылымда амарндық 
атауымен белгіленеді. Амарн уақытында көшірмешілер, қоғамның 
сауатты бөлігі басқа құдайлардың аттарын атамауға тырысқан. Ескі 
жазбалардағы басқа құдайлардың есімдерін ғана емес, сонымен қоса 
иероглифтерді де өшіріп тастауға бұйрық берілген. Аспанда және 
жерде барлық ел мен халық, барлық жан иесі – суда жүзетін, ұшатын, 
жорғалайтындар үшін бір-ақ Құдай бар. Осы Құдай қалаған жалғыз 
перғауын – Эхнатон деген ұғымды санаға сіңіруге тырысқаны 
байқалады. 
Суретте: Күн құдайына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет