Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Құдайлар мен күн жүйесін бейнелейтін суреттер



Pdf көрінісі
бет25/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113
Суретте: Құдайлар мен күн жүйесін бейнелейтін суреттер [35]


73
ауданын табу, түбір астын табу, екі, үш белгісіздігі бар теңдеулер 
шешімдері, т.б. бар. 
Шумер мәтіндерінде Ғаламның пайда болуы, Күн жүйесінің 
құрылымы мен дамуы, соның ішінде планеталар тізімі мен сипат-
тамасы туралы да мәліметтер беріледі. Соның бірі Күн жүйесін 
бейнелейтін сурет. Онда Күн бүгінгі ғылымға белгілі барлық он екі 
планетаның ортасына орналасқан. Дегенмен суретте, Күн жүйесінің 
бүгінгі түсінігінен басқа мәліметтер де кездеседі. Олардың екеуі 
мәнді деп есептеледі. Олар: бірінші, шумерлер Плутонды Сатурн 
жанына орналастырып, осы үлкен планетаның дербестікке кейін 
ие болған, серігі ретінде сипаттаған. Плутонның айналып жүретін 
жолының ұзарғанын, Күнді айналып жүретін жол жазықтығының 
созылғанын, қозғалыс кезінде кейде Нептунмен салыстырғанда 
Күнге жақын келетінін да байқаған. Екінші айырмашылығы – 
белгісіз үлкен планетаны Марс пен Юпитер ортасына орналасты-
руы. Аудармасы «айқыш-ұйқыш қиылысатын» дегенді білдіретін, 
осы құпия планетаны шумерлер Нибиру деп атайды. 
Күнді айналып жүретін жол жазықтығы қатты созылған Ни-
биру, 3600 жылда бір рет Марс пен Юпитер арасына қайта оралып 
келеді. Аңыз бойынша, адамды жасаған және оған аса маңызды білім 
негіздерін беретін жұмбақ тіршілік иелері осы планетадан келеді. 
Шумерлердің «ан-нун-на-ки» сөзі «аспаннан жерге түскен, сол елу» 
дегенді білдіреді. Шумерлердің айтуынша, адамға барлық білімді 
берген осы – аннунактар. Аннунактар жерге 445 мың жыл шамасы 
бұрын келген. Олар Парсы шығанағы жағалауын таңдап, Тигр мен 
Евфрат өзендерінің атырауына түскен. Осыдан кейін аннунактар 
әрбір 3600 жыл сайын келіп тұрған.
Нибирудегі аннунактардың түп атасы, Аспан Иесі Ан (не-
месе Ану) және оның жұбайы Анту, Аспан Ханшасы болады. 
Анудың бұйрығымен, оның үлкен баласы Эа (шумерлерде-Энки) 
басшылығымен, 50 аннунак Күн жүйесін аралауға шығады. 
Шумер мәтіндері Нибирудың экологиялық түйткілді 
мәселелерге кезіккенін мәлімдейді. Өз планетасының жұқарып бара 
жатқан ауа қабатын сақтау үшін, аннунактар алтын бөлшектерден 
ерекше қорған жасайды. (Бүгінде радиациядан қорғану үшін, ғарыш 
кемелері мен ғарышкерлердің ғарышта киетін киімдеріне де осын-


74
дай әдіс қолданылады.) Аннунактарға алтын керек болады. Шумер 
дерегінше, ол жетінші планетадан, демек Жерден табылған. 
Ғарыштан келгендер Оңтүстік Шығыс Африкада шахталық 
тәсілмен алтын өндіруге кіріскен. Шамамен, осыдан 300 мың жыл 
бұрын алтын өндіретін аннунактар көтеріліс жасаған. Сонда өзге 
планета оқымыстылары гендік инженерия көмегі және будандасты-
ру (клонирование) арқылы «адамах» – жұмысшы адамдарды өмірге 
әкелген. «Адамах» – «жер» және «қан» деп аударылады. Бұлар шу-
мерлер мен барлық адамзаттың түпатасы болды. Аңызда гендік ота 
сипаты, адамды жасау егжей-тегжейлі баяндалады. Ол бүгінгі ген 
инженерлігінің мамандарын да таңырқатады. Ғалым, генетик Уэс-
ли Браунның барлық адамның бір ата мен бір анадан тарайтынын 
дәлелдеген жаңалығы, шумерлер аңызын жанама айғақтай түсетін 
тәрізді. 
Археологиялық зерттеулер ежелгі дәуірде Оңтүстік Африкада 
тау-кен жұмыстарының жүргізілгенін дәлелдейді. 1970 жылы архе-
ологтар Свазиленнен тереңдігі 20 метр болатын, алтын өндірілген 
үлкен шахта тапты. 1988 жылы физиктердің халықаралық тобы 
шахтаның осыдан 80 мың 100 мың жыл бұрын жұмыс істегенін 
анықтады. Зулу тайпасының аңыздарында осы шахталарда «алғашқы 
адамдардың» жан мен тәннен тұратын жасанды құлдары жұмыс 
істегені айтылады. Жойылып кеткен Нибиру планетасының өмір 
сүргенін, оның жарықшақтарының 3600 жылда бір рет Жерге жақын 
келетінін американдық астрономдар дәлелдеді. 
Энки Жердегі алғашқы басқарушы болды. Ол Жердегі өмірді 
реттеумен айналысатын. Сонымен даналық пен білімді аннунактар 
адамдарға сыйға береді. Осы мәліметтерді тарату және кейінгіге 
беру үшін абыздар таңдалып, арнайы дайындалды. Абыздарды «та-
залар», немесе «нұр түскендер» деп атады. Құдайдың нұры түскен 
деген осыдан. Құдайлармен сұхбаттаса алатын Абыз дәрежесі 
ұрпақтарына мұраға қалды.
Аңыз Энкидің күнтізбе, математика мен жазу өнері туралы білімін 
өзінің кіші ұлы Нингишзидке, ал үлкені Мардукке медицина және 
өлгендерді тірілту білімін бергенін жеткізеді.Энкидің жерліктерге 
берген білімі құтқару, Нибиру планетасының Күн жүйесіне әкелуі 
мүмкін апаттарға қарсы тұру, құтылу мүмкіндігін де бағамдайды. 
Майя күнтізбесі оның Жерге кезекті жақындауын 2012 жылдың


75
21 желтоқсаны деп белгілесе, қазіргі заман оқымыстылары 2060-2158 
жылдар аралығында күту керектігін болжайды. Нибирудың келесі 
қайтып оралуы Жерге қатер әкеле ме, адамзат одан құтыла ала ма? 
Бұл сұрақтың әзірге жауабы жоқ. Дегенмен Энкидің жерліктерге 
берген білімі, Құдайлармен тең дәрежеде сөйлесу мүмкіндігін 
тұспалдайды... [35]. 
Күн күйдірген сары далада құм суырған, шаң көтерген ыстық 
дауыл соғады, құйындар көтеріледі. Көкжиекке дейінгі жер-
де көз тоқтатар бір төбе көрінбейді. Аңызақтан қорғанатын ағаш 
көлеңкесін табу да машақат. Осы жерге тіршілік нәрін алып келетін 
екі өзен ғана қоршаған ортаның сұрықсыз келбетіне әр береді. 
Олардың жағалауларында саздан соғылған қарапайым лашық 
тұрғындары өмір сүреді. Бұлар, археологтар мәліметінше, б.д.д. 
VІ-V мыңжылдықтар басында Солтүстік, сосын Оңтүстік Қосөзенде 
аңшылық, балықшылық, терімшілік және егіншілікпен де айналысқан 
отырықшы елдімекен адамдары болатын. Осы мәдениеттің бізге 
тас және саз бұйымдары, өзіндік өрнектері бар құмыралары, еңбек, 
аңшылық құралдары, әшекей заттары мен ежелгі наным-сенімді 
білдіретін мүсіндері жетті. Қосөзеннің оңтүстік бөлігінде, Евфрат 
өзені бойында орналасқан Тель эль-Обейд елді мекені – осының 
мысалы. Үйлер қамыс, құрақтардан тұрғызылып, сырты сазбен 
сыланған немесе кептірілген үлкен саз кесектерден қаланған. Осы 
тарихи дәуірде Қосөзен аралығында өмірге келген әлеуметтік орта, 
мәдениет үлгісі «адамзат қауымдастығы дамуындағы өзгеріс кезеңі» 
деп аталады. 
Зерттеушілердің басым бөлігі эль-Обейд мәдениетінің өркен-
деген уақытында, демек, б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жарты-
сында Қосөзен аймағына шумерлердің келгенін көрсетеді. Тағы 
бір айта кететін нәрсе – осы мәдениетті зерттеушілердің бірі – 
мұны шумерлердікі десе, екіншілері шумерлерге дейінгі деген де 
көзқарасты ұстанады. Қалай болғанда да, шумерлердің этникалық, 
тілдік және мәдениеті бойынша семит тайпасына жатпайтыны 
ғылымда нақты анықталған.
Шумерлердің шығу тегі мен Оңтүстік Қосөзенге келуі де 
жұмбақ. Мұның өз шешімін табар түрі көрінбейді, өйткені ар-
найы әдебиеттерде табылған жаңа мәліметтерге орай, жұмбақтың 
бұрынғыдан да күрделене түскеніне сілтеме жасалады. Шумерлік 


76
мәтіндерде осы халық ата-бабаларының Қосөзен жеріне су жолымен, 
қандай да бір биік таудан келгені айтылады. Дегенмен, ғалымдар 
Қосөзен жеріне шумерлердің келген кезін анықтау мүмкін еместігін 
көрсетеді. Аңыздардан осы адамдар жүзінің шығысқа, «құдайлардың 
қасиетті тауына» қарайтынын түсінеміз. Мүмкін, олардың байырғы 
отанын еске түсірген күңгірт көзқарастары осында жасырынған бо-
лар деген де пайымдау жасалады.
Шумер аңыздарында барлық адамзаттың, соның ішінде 
шумерлердің де отаны Дильмун аралындағы биік таулар деп атала-
ды. Осыған байланысты «Энки мен Нинхурсаг туралы аңызда»: 
...Дильмун елі аса шуақты ел
Дильмун аса жарқын ел, Дильмун бейкүнә, пәк ел, 
Дильмун бұзылмаған ел, Дильмун болашағы нұрлы ел.
...Ал оның өзі, Дильмунда жатты.
Энки өзінің жұбайымен жатты.
Сол жер пәк, сол жердің болашағы жарқын —
...Ал сонда, Дильмунда қарға қарқылдамайды.
Ажал құсы өлім шақырмайды.
Арыстан онда шабуыл жасамайды.
Қасқырлар қозыға тимейді.
Онда сақшы иттер лақтарды қалай күзетуді білмейді... [36]. 
Інжілде 
шумерлер 
туралы 
«Шығыстан қозғалып, Сеннар жерінен 
кездестірген жазыққа орналасты» деп 
айтылады. Зерттеушілердің жорама-
лынша, ежелгі еврейлер ұлы өркениетке 
қол жеткізген халықты Сеннар атаған. 
Ол аккад деректерінде – Субар, соңғы 
вавилондық деректерде – Шубер, Шумер 
деп берілген. 
Олардың ежелгі отаны, мекені 
қайда болғаны және оны тастап кету 
себебі зерттеушілерге әлі белгісіз. «Шу-
мерлер ең ежелгі, алғашқы халық деп 
есептеледі. Ирак сілтемелері жұмақтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет