«алаш ісі» алаш партиясы. Алаш автономиясы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі0,61 Mb.
#69733
1   2   3
Байланысты:
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҰБТ2023

 
 
АЛАШОРДА 
Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт 
Кеңесі деп 
те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5 – 13 
күндері Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ съезінде сайланды. 
Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 
адам (Уəлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Айдархан 
Тұрлыбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, Садық 
Аманжолов, Əлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, 
Əлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей 
Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы 
Əлжанов) сайланды. Үкіметтің төрағасы болып Ə.Бөкейханов 
бекітілді. Ə.Бөкейханов бастаған алашордашылар Большевиктер 
партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа 
ұрындыруы мүмкін деп бағалап, оларға қарсы күрес жүргізді. 
Большевиктер жеңіске жете бастағандықтан, 1918 жылғы 
қаңтарда алашордашылдар Орынбордан кетуге мəжбүр болды.
Ə.Бөкейханов бастаған Үкімет мүшелерінің негізгі бөлігі Семей 
маңындағы «Заречная слободка» елді мекеніне келіп (қазіргі Жаңа 
Семей), өздерін «Алашорданың Шығыс бөлімі» деп жариялады. Үкімет 
мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, 
өздерін «Алашорда үкіметінің Батыс бөлімі» немесе «Ойыл уəлаяты» деп 
атады. Төрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды. Алашорданың Батыс 
жəне Семейде орналасқан Шығыс (əрі Орталық) бөлімі арасында тығыз 
байланыс орнату мүмкін болмады. Азамат соғысында жеңіске жеткен 
Кеңес үкіметі 1920 жылы Алашорда үкіметін таратты.
 
 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ 
Бөкейханов Əлихан Нұрмұхамедұлы (1866 – 1937 жж.) – көрнекті қоғам 
жəне мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың теориялық негізін салушы əрі 
көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы жəне Алашорда 
үкіметінің төрағасы. Туған жері – бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің 
Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі – 
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – Көкжал 
Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі – Бөкей ханнан Батыр, одан Мырзатай
одан Əлиханның əкесі Нұрмұхамед тарайды. Əкесі оны тоғыз жасында Қарқаралыға 
алып барып, жергілікті медресеге оқуға береді. Бірақ ол молданың сауатын қанағат 
тұтпай, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке ауысып, бітіріп шығады. Кейін 
осы жердегі үш жылдық училищеге түсіп, оны да «үздік» деген бағамен аяқтайды. 
Одан кейін ол 1886 – 1890 жылдары Омбының техникалық училищесіне 
қабылданады. 1890 – 1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы 
институтының экономика факультетінде оқиды. Ол осы кездің өзінде-ақ 
студенттердің саяси талас-тартыстарына, үйірме жұмыстарына белсене араласады. 
Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқының анағұрлым артта қалғанын біліп, 
Ресей империясының отаршылдық саясатынан құтылмай, ел тұрмысы мен мəдениетінің, тілі мен 
білімінің өркендемейтінін ұғады
.
Омбыға Əлихан Ресей империясының қазақ даласында 
жүргізген отаршылдық саясатына өзіндік көзқарасы қалыптасқан, сол кездің озық ілім-білімімен 
қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен əдіс-тəсілдерін үйреніп-білген, біршама 
тəжірибе жинаған саяси күрескер болып оралады. Оның іс-əрекеттері жоғары жаққа ұнамай, 
алдымен, Семей түрмесіне қамалады, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер 
аудару мерзімі бітіп, елге оралған соң Əлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – Алаш 
партиясын ұйымдастыруға кіріседі. 1917 жылы II Жалпықазақ құрылтайында Алаш автономиясы 
жарияланып, Ə. Бөкейханов сол алғашқы Алаш автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы 
болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Алаш автономиясын таратып, 
басшыларын қуғынға сала бастады. Ə. Бөкейханов 1937 жылы «халық жауы» деген жалған 
жаламен өлім жазасына кесілді. Ə. Бөкейханов – Ресей жергілікті жəне қалалық қоғам 
қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің І Мемлекеттік Думасының жəне мұсылман халықтары 
фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, 
əдебиеттанушы, аудармашы əрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-əлеуметтік, мəдени-
рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 
Байтұрсынұлы 
Ахмет (1873 – 1938 жж.) – 
көрнектіқоғам 
жəне 
мемлекет 
қайраткері, 
ұлт-азаттық 
қозғалыстың жетекшісі, қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-
лингвист, түрктанушы, ақын, аудармашы, əдебиет жинаушы 
жəне зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының 
авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы, 
қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл 
ауылы. Ахмет 1891 жылы Торғайдағы екі жылдық мектепті 
бітіріп, одан кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер 
мектебіне оқуға түседі. 1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, 
Қарқаралы уездерінде орыс-қазақ мектептерінде сабақ береді.
1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 
1910 жылы Орынборға жер аударылып, 1917 жылға дейін сонда 
болады.
Ол осы қалада өзінің сенімді достары Ə.Бөкейханов, 
М.Дулатовтармен бірлесіп, 1913 жылдан бастап тұңғыш 
жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарады жəне оның жұмысына 
жетекшілік етеді. 
Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салады. ІІ 
Жал пықазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясы құрылып, оның төраға 
лығына бекітіледі. 1919 жылға дейін Алашорда үкіметінің Торғай об 
лыстық бөлімінің мүшесі болады. 1921 – 1928 жылдары Қазақ Халық-
ағарту 
институттарында 
сабақ 
береді. 
1929 
жылы 
Алаш 
қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік өлкелеріне 
жер аударылады. Кейіннен босап шығып, бірақ 1938 жылы «халық 
жауы» деген жаламен атылады
 

2







МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ 
Тынышбаев Мұхамеджан (1879 – 1937 жж.) – көрнекті қоғам 
жəне мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, 
тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді техника 
маманы, темір жол инженері, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан 
автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.
Туған жері – 
бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы 
Жыланды тауының етегі, қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы. 
Мұхамеджан Верныйдағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында орта білім 
алып, 1900 – 1906 жылдары Санкт-Петербургтегі Теміржол инженерлері 
институтында оқиды. Студент кезінен-ақ баспасөз беттерінде отарлық саясатты 
сынайтын мақалалар жазып, ел ішінде үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізумен 
айналысады. 1905 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургте өткен автономияшылар 
съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Ол сөзінде патша өкіметінің отаршылдық 
саясатын сынға алып, ендігі жерде халыққа автономиялық дəрежеде болса да 
еркіндік берілуін талап етеді. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға мүше болып 
сайланады. Одан кейінгі кезеңдерде Жетісу теміржол құрылысында қызмет ете 
жүріп, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады. Ақпан төңкерісіне дейін 
Мұхамеджан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, 
Жетісу облысында біраз жыл қызмет істейді. Алаштың арысы Ə.Бөкейхановтың 
төңірегіне топтасқан зиялы қауым өкілдерімен бірге М.Тынышбаев та 
жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады. 1917 жылғы 
желтоқсан айында жарияланған Алашорда үкіметінің 15 мүшесінің бірі болады. 
Мұның алдында ол Бүкілтүркістандық ІV Мұсылмандар съезіне қатысып, онда 
жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының басшысы (премьер-министрі) 
болып сайланады. Түркістан автономиясын Кеңес үкіметі күшпен талқандағаннан 
кейін М.Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірігіп, большевиктерге қарсы 
күреседі. Одан кейінгі уақытта қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам 
тартып, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялайды. Қазақ шежіресін түзеді. 1937 
жылы жалған жаламен қайтадан тұтқындалып, көп кешікпей ату жазасына 
кесіледі. 
ЖАҚЫП АҚБАЕВ 
Ақбаев Жақып (Ақпаев) (1876 – 1934) «Алаш» партиясын жəне 
«Алашорда» үкіметін құруға белсене қатысқан, Алашорда үкіметінің 
мүшесі болған. Қазақ стан дағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті 
өкілі, қоғам қайрат кері, құқық магистрі. Ол Қарағанды облысының 
Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петер бург 
университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1903 – 1905 
жылдары Омбы қаласында, 1907 – 1927 жылдары аздаған үзілістермен 
Семей, Сырдария округтік, губерниялық сот мекемелерінде қызмет 
еткен. 1907 жылдан Орыс 
географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің мүшесі 
болған. Ж.Ақбаевтың саяси белсенділігінің оянуына 1905 – 1907 жылдардағы 
төңкеріс ықпал етті. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлеп, 
Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында 
болған шерулерге қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде патша өкіметін, 
полицейлердің жүгенсіздігін, шенеуніктердің парақорлығын əшкерелеген, патша 
өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы халықты күреске шақырған 
мақалалар жариялады. Ақбаев қазақ халқының тəуелсіз ел болуы үшін күресті. 
Сондықтан да ол өмірінің соңына дейін Ресейдегі төрт үкімет: патша үкіметі 
(1905 – 1917), Уақытша үкімет (1917), Колчак (1918 – 1919) жəне Кеңестер (1920 
– 1934) тарапынан үздіксіз қуғын-сүргін көрді. 1906 жылы мемлекеттік 
қылмыстар жасады деген (патшаға тіл тигізген, өмір сүріп отырған құрылысқа 
қарсы үгіт пен насихат жүргізген) айып тағылып, тұтқындалды. 1908 жылы Омбы 
арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны үшін 
Тобылға жер аударылды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі 
ұрандар көтергені үшін Ж.Ақбаевты Уақытша үкімет тұтқындады. 1917 жылы 
Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Колчактың əскери-далалық 
сотының 1919 жылғы 7 шілдедегі үкімімен Ж. Ақбаевқа Колчактың əскери-казак 
диктатурасы мен атамандықтың дұшпаны ретінде халықты қарулы көтеріліске 
дайындады деген айып тағылып, ату жазасына бұйырылды. Қайтыс болған соң
Қазақстан Жоғарғы Сотының шешімімен (28 .02.1958 жылы) ақталды. 
 
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ 
Досмұхамедов Халел (1883 – 1939 жж.) – қоғам жəне 
мемлекет қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, 
əдебиетші, ауыз əдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы, 
дəрігер, ұстаз. Туған жері – қазіргі Атырау облысының 
Қызылқоға ауданы. Əкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат 
таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. 1894 
жылы Орал əскери-реалдық училищесіне қабылданып, 1902 
жылы оны үздік бітіріп шығады.
1903 жылы Санкт-Петербургтегі 
Əскери-медициналық академияның сынағынан мүдірмей өтіп, оны 1909 
жылы Алтын медальмен бітіреді. Осыдан кейін офицер ретінде əскери 
міндетін өтеуге жіберіледі. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-
Түркістан, 2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында əскери кіші 
дəрігер қызметін атқарады. 1912, 1913 жəне 1915 жылдары оба індетіне 
қарсы күрес ісіне қатысады. Осы еңбектері үшін Императорлық қола 
медальмен марапатталады. 1917 – 1919 жылдары «Алаш» партиясына 
кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі болады. Жаһанша Досмұхамедовпен 
бірге Қазақ автономиясын орнату үшін Кеңес үкіметіне қарсы күресті. 
1918 жылы Мəскеуге барған алашордалықтар делегациясын басқарды. 
1918 жылы Жымпитыда «Алашорданың» Батыс бөлімшесі құрылып, оған 
Жаһанша Досмұхамедов екеуі басшылық жасайды. 1926 – 1930 жылдары 
Қазақ жоғарғы педагогика институты ректорының көмекшісі, Қазақ 
мемлекеттік университеттің (қа зіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) 
проректоры болады. 1930 жылы Алашордаға қатыс қаны үшін 
айыпталып, Воронежге жер аударылады. Кейін 1939 жылы қайта 
тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет