Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның 1965- 1985 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.(өнеркәсіп өндірісі) |
Мектеп:
Әшірбек Сығай атындағы ЖББМ
|
Күні:13.11.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні:Абдиев М.
|
Сынып:9
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Оқушыларға 60 жылдардағы экономиканы нығайту үшін жүргізілген реформалар, ғылымда жеткен жетістіктер мен шаруашылықтағы дағдарыстардың себеп салдарына талдау жасап, теориялық білімдерін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
|
Оқу мақсаттары
|
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады. Берілген тақырыпты мағынасы мен мазмұнын түсінеді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы (10минут)
1 минут
3 минут
6 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу;
-оқушылардың құрал жабдықдарын түгендеу
Мозайка әдісі сандар арқылы топқа бөлу
«Серпілген сауал» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Үй тапсырмасын бекіту:Де Бононың қалпақтары:
|
1 топ- 1 саны
2 топ- 2 саны
3топ – 3 cаны
үй тапсырмасын қортындылау-да Де Бононың 6 қағидасы.
|
Ортасы (20минут)
3 минут
5 минут
12 минут
|
1.Жаңа сөздермен таныстыру. Тақырыптың қысқаша мазмұнын түсіндіру.
2. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін ЖИГСО әдісін қолданамын. Оқушыларға тақырыпқа сай алдын-ала мәтіндер таратылады.
1- топ «Саясаттанушылар»Жұпта/топта шектеулі уақытта тапсырмаларын диалогқа түсе отырып ментальды карта құрастырады, тапсырмаларын қорғайды. 4 мин
Экономиканы қайта құру бағытындағы өзгерістер
2-топ «Тарихшылар»Жұпта/топта шектеулі уақытта жауапқа қарай талдау жасап, сұрақ қояды. 3 мин
(1. Ғылыми-техникалық прогрессті дамытудың маңызы қандай?
2. Ғылыми-техникалық прогрессті дамытудың жетістіктерін ата.
3. Ғылыми-техникалық прогрессті дамытудағы қайта құрудың бағыты қалай болды?)
Сұрақты тап...
Сұрақтардың бірнеше жауабы берілген. Қандай сұрақ қойылды?
3- топ.«Хронологтар» Жұпта/топта шектеулі уақыттаментальды карта құрастырып,тақырыпқа сипаттама жасайды. 5 мин
Өнеркәсіп дамуындағы салалық жетістіктер мен кемшіліктер.
|
Слайд
Таратпа қағаздар
Карта, дәптер,
Оқулық
Оқушыларға алдын-ала суреттер таратылады
|
Аяқталуы
(10 минут)
4 минут
3 минут
|
|